Құрметті Балдәурендіктер!
Қонаев қаласының жағалауында орналасқан «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы Киелі мекен Жетісу өңірінде 2017 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс жасап келеді.
«Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытыңды аямау. Бірақ бұған өкінбеу керек. Жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ. Ұстаздық – ұлы нәрсе» деп Зейнолла Қабдолов айтып өткендей, балаларға білім мен өнерді үйрету, жақсы ұстаздың тәлім беруін, басты назарда ұстаймыз.
Бүгінгі күнде орталығымыз балалардың бал мекеніне айналып үлгерді. Бұл жерде оқытып, сауықтырып қана қоймай, қатысушыларды өнерге, еңбекке баулыймыз. Біздің орталыққа келіп түскен әрбір балаға көңіл бөлініп, назардан тыс қалмайды.
Балалардың бойындағы патриоттық рухтарын шыңдап, шығармашылық қабілеттерін арттырып, қоғам ішінде өзін жеке тұлға ретінде сезінуіне ықпал жасай отырып, талай биіктерді балғын да сұлу балдәурендіктермен бірге бағындырамыз деген сенімдемін. Әр баланың арманын арманға жалғап, бақыт ордасы бола білген орталығымыздың сайтына қош келдіңіздер!
Есебаев Нұржан Аралбекұлы
Қонаев қаласы, «Балдәурен» республикалық
оқу - сауықтыру орталығы кешен басшысы