
«Аңызға айналған тұлғалар» панфиловшылардың ерлігіне арналған
әскери-тарихи жиын» атты
2024 жылғы 14 - ауысымның
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
(13.11 – 03.12.2024 ж.)
ҚР ОАМ бекіткен, 2024 жылға арналған жоспар – кестесі бойынша Қонаев қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 13 қараша мен 03 желтоқсан аралығында «Аңызға айналған тұлғалар» панфиловшылардың ерлігіне арналған әскери-тарихи жиын» атты 14-ауысымын өткізеді.
Ауысым қатысушылары: аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық жас ақындар, патриоттық пен әскери әндер конкурстарының қатысушылары, ҚР ҚК әскери қызметкерлері мен қызметшілерінің балалары.
Ауысымның мақсаты: жас буынның бойында патриоттық сезімді қалыптастыру және Отан қорғаушылардың ерлігін насихаттау.
Міндеттері:
- жас буынға панфиловшылардың ерлігі мен олардың Отан қорғаудағы рөлін түсіндіру арқылы тарихи сананы нығайту;
- сауықтыру, демалыс және бос уақыттарын ұтымды пайдалануға қажетті жағдай жасау;
- өскелең ұрпақтың бойында жоғары патриоттық сезімдерді, өз еліне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Ауысым аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:
- «Біріксек бір алынбайтын қамалмыз» бекет бойынша Team Building;
- 2024 жылғы 14-ауысым Қонаев қ. «Балдәурен» РОСО командирлігіне үміткерлермен танысу;
- «Білім кемесінде» мектеп презентациясы;
- 2024 жылғы 14-ауысымның ашылу салтанаты;
- «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» далалық жорығы;
- «Zhana Zhastar» ұйымдастырушы-ұстаздармен танысу кеші;
- «Аңызға айналған тұлғалар» визитка қорғау кеші;
- «Екі жұлдыз» шығармашылық байқауы І, ІІ кезең;
- «Тапқырлар алаңы» интеллектуалды сайысы;
- «Музыка алаңы» музыкалық ойындар байқауы;
- «Олимп шыңы» спорт мерекесінің ашылуы және жабылуы;
- «Спорт Time» спорттық- интеллектуалды сайысы;
- «Батырлар арамызда» бекет бойынша ойыны;
- «Ақ тілектер сіздер үшін» туған күн иелеріне арналған концерт;
- «Happy Brithday, Zhastar» Жастар ПО туған күніне арналған әндер байқауы;
- «Патриот болу парызың» TEDx конференциясы;
- «INSTAшолу» әлеуметтік желі уақыты;
- 2024 жылғы 14 – ауысымның жабылу салтанаты;
- «Жарқыраған сәттер» гала-концерт.
2024 жылдың 14-ауысымының салтанатты ашылуы 15 қараша күні сағат 18:00-де.
2024 жылдың 14-ауысымының салтанатты жабылуы 1 желтоқсан күні сағат 14:00-де.
Мекен-жайымыз: 040800, Алматы облысы, Қапшағай су қоймасының солтүстік-батыс жағалауы, Қонаев қ. «Балдәурен» РОСО
Байланыс телефоны: 8(72772) 5-02-55, 5-02-50
Электрондық пошта: kapshagay.baldauren@mail.ru







.png)