
«Біз халықтар достығымен мақтанамыз!» Қазақстан халық Ассамблеясының 30 жылдығына арналған республикалық кездесу» атты
2025 жылғы 3- ауысымның
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
(23.02 – 14.03.2025 ж.)
ҚР ОАМ бекіткен, 2025 жылға арналған жоспар – кестесі бойынша Қонаев қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 23 ақпан мен 14 наурыз аралығында «Біз халықтар достығымен мақтанамыз!» Қазақстан халық Ассамблеясының 30 жылдығына арналған республикалық кездесу» атты 3-ауысымын өткізеді.
Ауысым қатысушылары: этномәдени орталықтары мен ұлттық диаспора өкілдерінің балалары, халық шығармашылық ұжымдарының қатысушылары, ҚР ҚК әскери қызметкерлері мен қызметшілерінің балалары.
Ауысымның мақсаты: еліміздегі көпұлтты қоғамның бірлігі мен татулығын нығайтудағы Ассамблеяның рөлін таныту, әртүрлі этностар мен мәдениеттердің бір-бірін құрметтеу мен түсіністік негізінде өмір сүріп жатқанын көрсету, ұлттар арасындағы байланыстарды күшейту.
Міндеттері:
- әртүрлі этностар мен мәдениеттер арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты қалыптастыру.
- Ассамблеяның құрылуы мен қызметі, оның еліміздегі халықтар арасындағы татулықты қалыптастырудағы маңызы туралы ақпарат беру.
- Ассамблеяның ұлттық бірлік, әлеуметтік даму, мәдениет және білім саласындағы рөлін атап өту.
Ауысым аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:
- «Достығымыз жарасқан» танысу кеші;
- «Білім кемесінде» мектеп презентациясы;
- 2025 жылғы 3-ауысымның ашылу салтанаты;
- «Біз халықтар достығымен мақтанамыз!» визитка қорғау кеші;
- «Талантты ZHASTAR» ұйымдастырушы-ұстаздармен танысу кеші;
- «Ұлттар бекеті» бекет бойынша ойын;
- «Ұлттар бірлігі-ортақ ән» хор байқауы;
- «Brithday party!» туған күн иелеріне арналған мерекелік концерт;
- «Дәстүр-халық қазынасы» фестиваль;
- «Патриот болу – парызың!» TEDx конференциясы;
- «Prince & Princess of Spring» байқауы;
- «Олимп шыңы» спорт мерекесінің ашылуы және жабылуы;
- «Арулар-әлем ажары» қыздарға арналған концерт;
- «Сіз жақсы адамсыз» сүбелі сұхбат кеші;
- «Что? Где? Когда?» танымдық ойын;
- Ауған соғысының Ардагерлермен кездесу;
- 2025 жылғы 3-ауысымның жабылу салтанаты;
- «Балдәурен-мәңгі жүректе!» гала-концерт;
2025 жылдың 3-ауысымының салтанатты ашылуы 25 ақпан күні сағат 17:00-де.
2025 жылдың 3-ауысымының салтанатты жабылуы 12 наурыз күні сағат 17:00-де.
Мекен-жайымыз: 040800, Алматы облысы, Қапшағай су қоймасының солтүстік-батыс жағалауы, Қонаев қ. «Балдәурен» РОСО
Байланыс телефоны: 8(72772) 5-02-55, 5-02-50
Электрондық пошта: kapshagay.baldauren@mail.ru







.png)