ҚР ОАМ бекіткен, 2026 жылға арналған жоспар – кестесі бойынша Қонаев қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 10 сәуір мен 29 сәуір аралығында «Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына орай «Халық музыкасының қазынасы» шығармашылық вернисажы 5-ауысымы өтеді.

 

Ауысым қатысушылары: Республикалық, облыстық, аудандық музыкалық байқаулардың қатысушылары мен жеңімпаздары, жас орындаушылар, ҚР ҚК әскери қызметкерлері мен қызметшілерінің балалары

 

Ауысымның мақсаты: оқушыларға халық музыкасының құндылығын таныту, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру және қазақ музыка мәдениетін дәріптеу. 

 

Міндеттері:

 

·  Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру;

·  Қазақтың халық музыкасының ерекшеліктері мен маңызын түсіндіру;

·  Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

·  Ұлттық өнерге, мәдени мұраға деген құрмет пен қызығушылықты қалыптастыру;

·  Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды бағалай білуге тәрбиелеу.

 

Ауысым аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:

  1. 2026 жылғы 5-ауысым  Қонаев қ. «Балдәурен» РОСО командирлігіне

үміткерлермен танысу;

  1. «Friend Time» танысу кеші;
  2. «Халық мұрасы – әуенде» отряд визиткасын қорғау кеші;
  3. 2026 жылғы  5-ауысымның ашылу салтанаты;
  4. «Жалынды жастар» атты «Жастар» п/о-ның танысу кеші;
  5. «Шабыт әлемі» шығармашылық байқауы;
  6. «ReVibe» байқауы;
  7. «Олимпия» СМ ашылуы және жабылуы;
  8. «Робин Гуд – әділдік жолында» квест ойыны;
  9. «Sparkle day» туған күн иелерін құттықтау кеші;
  10. «Адал еңбек – ардың ісі» даналық сабағы;
  11. Саптық әндер байқауы;
  12. «Қиялдан туған дыбыс» дыбыстық оркестр байқауы;
  13. «Кім әнші?» интуиция шоуы;
  14. «Дәлме-дәл» фотосурет байқауы;
  15. 2026 жылғы  5-ауысымның жабылу салтанаты;
  16. «Балдәурен жүректе расында» гала-концерт;

 

 

 

2026 жылдың 5-ауысымының салтанатты ашылуы 13 сәуір  күні сағат 17:00-де.

2026 жылдың 5-ауысымының салтанатты жабылуы 27 сәуір күні сағат 16:30-де.

 

 

 

Мекен-жайымыз: 040800, Алматы облысы, Қапшағай су қоймасының солтүстік-батыс жағалауы, Қонаев қ. «Балдәурен» РОСО

Байланыс телефоны: 8(72772) 5-02-55, 5-02-50

Электрондық пошта: kapshagay.baldauren@mail.ru


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner