«Future engineering»  болашақ жас инженерлер көзімен» атты

2022 жылғы 15- ауысымның

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

(12.11 - 01.12. 2022 ж.)

            ҚР БҒМ бекіткен, 2022 жылға арналған жоспар – кестесі бойынша Қонаев қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 12  қараша мен 1  желтоқсан аралығында «Future engineering»  болашақ жас инженерлер көзімен» атты 15-ауысымын өткізеді.

Ауысым қатысушылары: робототехника бойынша республикалық, облыстық, аудандық жарыстар жүлдегерлері, жас техниктер, математика, физика, информатика пәндерінен ғылыми жұмыстар мен шығармашылық байқаулардың, олимпиадалардың жеңімпаздары.

Ауысымның мақсаты:  робот техникасының тарихы және болашағымен іс-шаралар ұйымдастыру барысында танысу. Ұйымдастырылатын іс-шаралар арқылы ауысым қатысушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың танымдық қызығушылығын арттыру.

Міндеттері:

  • балалар шығармашылықтарының идеялық- көркемдік деңгейін көтеру, оның жеке тұлға болып қалыптасуына әсерін арттыру;
  • әрбір жеке тұлғаның ақыл- ойының дамуына, адамгершілікке ұмтылып, зерттеушілік, танымдық қабілеттерін күшейтуге жағдай жасау;
  • әр балаға өзінің шығармашылық қабілетін ашып, көрсетуге мүмкіндіктер беру.

Ауысым аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:

  1. 2022 жылғы 15 - ауысым президентіне үміткерлермен танысу;
  2. 2022 жылғы 15 - ауысымның ашылу салтанаты;
  3. «Артық білім кітапта» мектеп презентациясы;
  4. «Жаңа ғасыр» топ визиткасын қорғау кеші;
  5. «Zhastar Todays» ұйымдастырушы-ұстаздармен танысу кеші;
  6. «Кубик- Рубик» жас математиктер сайысы;
  7. «Melomen» әндер байқауы;
  8. «Олимп шыңы» кіші олимпия ойындарының ашылуы және жабылуы;
  9. «Күзгі балл» топтар арасында сайыс;
  10. «Ғасыр саңлағы» Д. А. Қонаевтың 110-жылдығына арналған концерт;
  11. «#Infoбелгі» квест ойыны;
  12. «Dance Show» би байқауы;
  13. «Көңілді кеш» туған күн иелеріне арналған концерт;
  14. «Жастар ПО» туған күніне арналған концерт;
  15. «EnergyCity» макеттер жобасы;
  16. 2022 жылғы 15 - ауысымның жабылу салтанаты;
  17. «#BaldaurenZhyrekte» қорытынды гала - концерт.

2022 жылдың 15-ауысымының салтанатты ашылуы  14 қараша күні сағат 17:00-де.

2022 жылдың 15-ауысымының салтанатты жабылуы 29 қараша күні сағат 17:00-де.

Мекен-жайымыз: 040800, Алматы облысы, Қапшағай су қоймасының солтүстік - батыс жағалауы, Қонаев қ. «Балдәурен» РОСО

Байланыс телефоны: 8(72772) 5-02-55, 5-02-50

Электрондық пошта: kapshagay.baldauren@mail.ru  

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner