ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНДЕРІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ СЪЕЗІ ӨТТІ

 

21.12.2021 ж. Нұр-Сұлтан қаласында Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған съезі өтті. Бұл съезге Бас орталықтан “Балдәурен”

РОСО-нан Сейсен Бейімхан және

Қапшағай қ. “Балдәурен” РОСО-нан Игисенова Бану Рақымбердиевна қатысты.

Іс-шараға Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, еліміздің барлық өңірінен келген педагогтер, лингвист-ғалымдар, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ректорлары қатысты.

Съезге қатысушылар тәжірибелерімен бөлісіп, қазақ тілі мен әдебиетін оқыту сапасын арттыру, қашықтан оқытуға байланысты білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мәселелерін талқылады.

Педагогтер қазақ тілін оқыту сапасын арттыру және пән бойынша үлгілік оқу бағдарламасын жетілдіру туралы ойларымен бөлісті. Олар сондай-ақ қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудағы жаңа тәсілдерді қарастырудың маңыздылығын атап өтті.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner