«Патриотымын мен елдің» Академия күніне орай

патриоттар мен мектеп парламенті көшбасшыларының бас қосуы»  атты 

2023 жылғы 2 - ауысымның

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

(01.02.-20.02.2023 ж.)

ҚР ОАМ бекіткен, 2023 жылға арналған жоспар – кестесі бойынша Қонаев қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 1-ақпан мен 20-ақпан аралығында «Патриотымын мен елдің» Академия күніне орай патриоттар мен мектеп парламенті көшбасшыларының бас қосуы» атты 2-ауысымын өткізеді.

Ауысым қатысушылары: мектеп парламентінің, мектептің өзін-өзі басқару органдарының, шығармашылық топтардың белсенділері.

Ауысымның мақсаты: балаларды азаматтылық пен отаншылдық, парасаттылық пен адалдық қасиеттеріне баулу, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.

Міндеттері:

  •  ауысым қатысушыларының бойында ар-намыс құндылығын,  көшбасшылық қасиетін жетілдіру;
  • сауықтыру, демалыс және бос уақыттарын ұтымды пайдалануға қажетті жағдай жасау;
  • балалардың бойына ҚР мемлекеттік рәміздерін құрметтеу  сезімін қалыптастыру.

 

Ауысым аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:

  1. 2023 жылғы 2-ауысым президентіне үміткерлермен танысу;
  2. «Мектеп - білім ордасы» мектеп презентациясы;
  3. 2023 жылғы 2-ауысымның ашылу салтанаты;
  4. «Патриотымын мен елдің» топ визиткасын қорғау кеші;
  5. «Zhastar style» ұйымдастырушы-ұстаздармен танысу кеші;
  6. «Рақымжан - Жеңіс сарбазы» педагогикалық вернисаж;
  7. «Мен – патриотпын» пікірталас сайысы;
  8. «Балдәурен білгірі» зияткерлік  ойыны;
  9. «Dostyq.Adaldyq.Baldáýren.» көлеңкелі театр байқауы;
  10. «Олимп шыңы» спорт мерекесінің ашылуы және жабылуы;
  11. «Sport TIME» спорттық-инеллектуалдық ойыны;
  12. «Сен туған күн...!» туған күн иелеріне арналған концерт;
  13. «Tarih tagylymy» тарих пәндері бойынша I республикалық олимпиада;
  14. «Патриот болу - арманым»   Қазақстандық жас патриоттар Академиясы мүшелерімен тікелей эфир;
  15. «Отаным – бақыт ордасы» патриоттық әндер байқауы;
  16. «Мұзбалақ ақын-Мұқағали» Мұқағали Мақатаевтің 90 жылдығына орай мерекелік кеш;
  17. «Қазақстандық жас патриоттар Академиясына – 7 жыл!» мерекелік концерт;
  18. 2023  жылғы 2 – ауысымның жабылу салтанаты;
  19. «#BaldaurenZhyrekte» гала-концерт.

2023 жылдың 2-ауысымының салтанатты ашылуы 3 ақпан күні сағат 17:30-де.

2023 жылдың 2-ауысымының салтанатты жабылуы 19 ақпан күні сағат 16:30-да.

Мекен-жайымыз: 040800, Алматы облысы, Қапшағай су қоймасының солтүстік-батыс жағалауы, Қонаев қ. «Балдәурен» РОСО

Байланыс телефоны: 8(72772) 5-02-55, 5-02-50

Электрондық пошта: kapshagay.baldauren@mail.ru


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner