
Қонаев қаласы “Балдәурен” РОСО-да «Сахна, экран және шығармашылық» жас таланттар шеберханасы атты 2026 жылғы 4-ауысымның ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараның негізгі міндеті ауысым қатысушыларына мерекелік атмосфера орнату, командалық рухты, достық пен ынтымақтастықты қалыптастыру және ауысым бағдарламасымен таныстыру болды.
Ашылу салтанаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Салтанатты шара барысында орталық басшылығы қатысушыларға сәттілік тілеп, бұл ауысымның әр бала үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті. Сонымен қатар, балалар лагердің тәртібімен және алдағы жоспарланған іс-шаралармен таныстырылды.
Алдағы күндері қатысушыларды қызықты шеберлік сабақтары, сахналық қойылымдар, шығармашылық жобалар, спорттық жарыстар мен мәдени іс-шаралар күтуде.
Аталған ауысым әр қатысушы үшін жаңа достықтың бастауы болып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен мүмкіндік береді деп сенеміз.







.png)