«SANALY URPAQ» республикалық дебат турнирі»   атты

2023 жылғы 8 - ауысымның

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

(21.06.-05.07.2023 ж.)

 

ҚР ОАМ бекіткен, 2023 жылға арналған жоспар – кестесі бойынша Қонаев қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 21- маусым мен 5-шілде аралығында «SANALY URPAQ» республикалық дебат турнирі» атты 8-ауысымын өткізеді.

 

Ауысым қатысушылары: республикалық, облыстық, аудандық дебат турнирлерінің жеңімпаздары, мектеп дебат клубтарының қатысушылары.

 

Ауысымның мақсаты: пікірталастар арқылы жастардың бойына патриотизм мен әлеуметтік сезімдерді, отан алдындағы жауапкершілік пен демалушы балалардың белсенді азаматтық көзқарастарын қалыптастыру.

 

Міндеттері:

 

  • балалардың іс- шараға қатысуын жетілдіру, әлеуметтік- гуманитарлық және тарихи білімдерін дамыту;
  • әрбір жеке тұлғаның ақыл- ойының дамуына, адамгершілікке ұмтылып, пікірталас жұмысы бойынша ақпарат алуға жағдай жасау;
  • балаларды интелектуалды өсу мен өзін- өзі жетілдіруге тәрбиелеу.

 

Ауысым аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:

 

  1. 2023 жылғы 8- ауысым президентіне үміткерлермен танысу;
  2. 2023 жылғы 8- ауысымның ашылу салтанаты;
  3. «Біздің уақыт» топ визиткасын қорғау кеші;
  4. «ZhastarBest» ұйымдастырушы-ұстаздармен танысу кеші;
  5. «Кітапсүйер Балдәурен» жылдам оқу сайысы;
  6. «Ашық алаң» дебат ойыны;
  7. «Sanale urpaq» TEDx форматындағы конференция;
  8. «ShowTIME» креативті өнер сайысы;
  9. «Олимп шыңы» спорт мерекесінің ашылуы және жабылуы;
  10. «Домбыра- мол мұра» домбыра күніне арналған концерт;
  11. «Magnitolla» ескі әндер сайысы;
  12. 2023  жылғы 8 – ауысымның жабылу салтанаты;
  13. «#Baldauren» гала-концерт.

 

 

 

2023 жылдың 8-ауысымының салтанатты ашылуы 23 маусым күні сағат 19:30-де.

2023 жылдың 8-ауысымының салтанатты жабылуы 4 шілде күні сағат 18:00-де.

 

 

Мекен-жайымыз: 040800, Алматы облысы, Қапшағай су қоймасының солтүстік-батыс жағалауы, Қонаев қ. «Балдәурен» РОСО

Байланыс телефоны: 8(72772) 5-02-55, 5-02-50

Электрондық пошта: kapshagay.baldauren@mail.ru


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner