«Шектеусіз шығармашылық» жас таланттардың шығармашылық бағдарламасы» атты 2023 жылғы 3 – ауысымның

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

(24.02.-15.03.2023 ж.)

            ҚР ОАМ бекіткен, 2023 жылға арналған жоспар – кестесі бойынша Қонаев қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 24-ақпан мен 15-наурыз аралығында  «Шектеусіз шығармашылық» жас таланттардың шығармашылық бағдарламасы» атты 3 – ауысымын өткізеді.

Ауысым қатысушылары: халықаралық, республикалық, облыстық сайыстар мен фестивальдердің лауреаттары мен дипломанттары, жас әнші, биші, ақындар және шығармашылық ұжымдар.

Ауысымның мақсаты: балаларды ұлттық құндылықтар арқылы өнерге, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға  тәрбиелеу.

Міндеттері:

  •  ауысым қатысушыларының бойында ұлттық құндылығын,  көшбасшылық қасиетін жетілдіру;
  • -сауықтыру, демалыс және бос уақыттарын ұтымды пайдалануға қажетті жағдай жасау;
  • балалардың бойына ұлттық құндылықтарды құрметеуге үйрету, шығармашылық денгейін жетілдіру.

Ауысым аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:

  1. 2023 жылғы 3-ауысым президентіне үміткерлермен танысу;
  2. 2023 жылғы 3-ауысымның ашылу салтанаты;
  3. «Мектеп - білім ордасы» мектеп презентациясы;
  4. «Ұланымын ұлы елдің» топ визиткасын қорғау кеші;
  5. «#ZhastarVibe» ұйымдастырушы-ұстаздармен танысу кеші;
  6. «Жеті өнер - жемісі» шығармашылық байқауы;
  7. «Балдәурен білгірі» зияткерлік  ойыны;
  8. «Олимп шыңы» спорт мерекесінің ашылуы және жабылуы;
  9. «БАЛДӘУРЕН TALANT SHOW» байқауы;
  10. «Kazakh brand»   TEDx форматындағы презентация; 
  11. «Арулар- асыл жандар» мерекелік концерт;
  12.  «GOLDEN MIDDLE 2023» Бал ретро стиль;
  13. «Екі жұлдыз» байқауы;
  14. «Dance battle» байқауы;
  15. 2023  жылғы 3 – ауысымның жабылу салтанаты;
  16. «#ZHYREKTESIN» гала-концерт.

 

2023 жылдың 3-ауысымының салтанатты ашылуы 26 ақпан күні сағат 17:00-де.

2023 жылдың 3-ауысымының салтанатты жабылуы 14 наурыз күні сағат 16:30-де.

Мекен-жайымыз: 040800, Алматы облысы, Қапшағай су қоймасының солтүстік-батыс жағалауы, Қонаев қ. «Балдәурен» РОСО

Байланыс телефоны: 8(72772) 5-02-55, 5-02-50

Электрондық пошта: kapshagay.baldauren@mail.ru


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner