«Сахна, экран және шығармашылық» жас таланттар шеберханасы атты 2026 жылғы 4-ауысым барысында ұйымдастырушы-ұстаздармен танысу мақсатында «Жастар» педагогикалық отрядының концерті өтті.

Аталған концерт қатысушылар үшін ерекше әсерге толы болды. Бағдарлама аясында педагогикалық отряд мүшелері өздерін таныстырып, қызықты өнерлерін ұсынды. Әрбір ұйымдастырушы-ұстаз өзінің шығармашылығын, белсенділігін және балалармен жұмыс істеуге деген ынтасын көрсете білді.

Кеш барысында түрлі ойындар ұйымдастырылып, әсем әндер шырқалып, көңілді билер орындалды. Соның нәтижесінде балалар мен ұйымдастырушы-ұстаздар арасында жылы қарым-қатынас орнады. Қатысушылар жаңа достар тауып, ортақ тіл табысып, ұжымдық рухты сезінді.

Бұл кеш ауысымның жарқын бастамаларының бірі болып, алдағы күндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner