АСХАНА -ТӘТТІ МЕКЕН

         Қапшағай қаласы “Балдаурен” РОСО асханасы балаларды қонақжай дастарханында қарсы алуға әрдайым әзір. Кәсіби аспаздар жоғары сапалы, балғын өнімдерден дайындалған өте дәмді, пайдалы тағамдармен балаларды тамақтандырады. 6 реттік тамақтану балалардың күні бойы өздерін қалыпта ұстап жүрулеріне көмектеседі. Балаларға арналған ас мәзірін арнайы дитолог мамандар жасап, оның сапалы болуын қамтамасыз етеді. Балдауренде қалыптасқан дәстүр бойынша ауысымның ашылуы мен жабылуында балаларға қазақтың ұлттық тамағы бешбармақ беріледі. Киіз үйде балаларды жаңа пісірілген бауырсақ күтеді. Саяхат, таным жорықтарға баларға арнайы тіскебасарлар дайындалады.

        Асханада  аспаз қызметкерлермен қатар кондитер өнімдерін даярлайтын мамандар, даяшылар, ыдыс жуушы, тазалық жұмыстарын жүргізетін қызметкерлер жұмыс жасайды.

      Балдаурен асханасы-балғындардың бақытты күлкісіне толы мекен.

 

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner