Денсаулық - зор байлық 

      Орталықтағы медициналық бөлімнің мақсаты -дені сау ұрпақ тәрбиелеу, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Медицина қызметкерлері орталықтағы демалушы әрбір баланың денсаулығына ерекше назар аударып, әртүрлі профилактикалық шаралар өткізеді. Бөлімде жоғары санатты педиатор дәрігерлер, магистр мамандар, мейірбикелер қызмет жасайды. 

Балалармен "Жас дәрігер" үйірмесін жүргізеді. 

 

Маусым айының үшінші жексенбісі Қазақстан медицина қызметкерлерінің төл мерекесі!

Сіздерді кәсіптік мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Бүгінгі таңда Қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Орталығымыздың медицина қызметкерлері қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсетеді.

Құрметті медицина қызметкерлері! Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз! Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш - жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілейміз! 

 

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner