Ғылыми-әдістемелік бөлім
Ғылыми-әдістемелік бөлім Қонаев қаласы "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығының құрылымдық функционалдық бөлімшесі болып табылады, өз қызметінде бөлім қызметкерлері Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Білім туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Бала құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығының Жарғысын, Қапшағай қ. "Балдәурен" Республикалық оқу-сауықтыру орталығының педагогикалық және әдістемелік кеңестерінің шешімдерін, Қапшағай қ."Балдәурен"республикалық оқу-сауықтыру орталығының басқа да нормативтік құжаттарымен басшылыққа алады.
Бөлімнің жұмыс істеу мақсаты: Өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі жетілдіру, балалардың танымдық, шығармашылық іс-әрекеттеріне педагог қызметкерлермен қатысуға дайындығы бойынша тәрбиелік, білім беру, әлеуметтік кеңістікті дамыту үшін жағдай жасау болып табылады.
Қызметкерлердің міндеттері: орталықты дамытудың ғылыми-әдістемелік басымдықтарын анықтау, ғылыми талдау технологияларын игеру, болжау, үйлестіру, балалардың демалысы мен сауықтыруын ұйымдастыру саласында тәрбие-білім беру қызметтерін жобалау.
Ғылыми-әдістемелік бөлім жұмысының бағыттары.
· Үйлестіру-талдау қызметі:
- бала мүддесі үшін Орталықтың барлық қызметкерлерінің өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
- Қонаев қ. "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығында балаға қызмет көрсетуді бақылау жүйесін әзірлеу және енгізу, талдау және жетілдіру;
-практикалық қызметке инновациялық тәсілдерді, тәрбие-білім беру процесінің технологияларын енгізу;
- әр түрлі деңгейдегі семинарлар мен конференцияларды ұйымдастыру және өткізу.
· Ғылыми-инновациялық қызмет:
- педагогикалық, әдістемелік қызметтің мазмұнын оңтайландыру;
-педагог қызметкерлердің кәсіби және тұлғалық өсуіне бағытталған инновациялық педагогикалық жобаларды әзірлеу және енгізу;
- оқыту мен аттестаттаудың жаңа нысандары мен әдістерін әзірлеу және енгізу есебінен білім беру-тәрбие процесінің сапасын арттыру;
- педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту;
- ғылыми-әдістемелік семинарлар мен конференциялар өткізу, білім беру-тәрбие үрдісін ғылыми-әдістемелік ұйымдастыру бойынша материалдар шығаруға қатысу;
- халықаралық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату;
- балалардың демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру саласында тәрбие-білім беру қызметін болжау, үйлестіру, жобалау;
- қызметкерлердің ғылыми және публицистикалық белсенділігінің мониторингі;
- әр түрлі деңгейдегі семинарлар мен конференцияларды өткізуге қатысу.
«Патриотизм – «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізгі арқауы» атты Қазақстандық жас патриоттардың
VI Республикалық форумы.
«Патриотизм – «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізгі арқауы» атты Қазақстандық жас патриоттардың
VI Республикалық форумы Қонаев қаласы, «Балдәурен» РОСО Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткізілді.
Форумның мақсаты: Рухани-адамгершілік қасиеттерді, азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді, парасаттылық пен адалдықты дамыту арқылы қазақстандық мәдениеттің құндылықтары негізінде білім алушының үйлесімді дамыған тұлғасын қалыптастыру. Форумға қатысушылар: Құрметті қонақтар, Қорғаныс министрлігінің жоғарғы оқу орындары мен әскери мектеп басшылары, облыстық білім басқармаларының жетекшілері, Қазақстандық жас патриоттар Академиясының мүшелері және қаһармандық іс жасаған мектеп оқушылары. Форумның алғашқы күні Қазақстандық жас патриоттар Академиясы туралы Қазақстандық жас патриоттар Академиясының негізін қалаушы Битуова Дильдаш Рыскулбекқызы сөз сөйледі. Сонымен қатар жас патриоттар Академиясы құрамына 60-қа жуық оқушы қабылданып, төс белгілерін иеленді.