Оқу-білім беру бөлімі
Оқу-білім беру бөлімі Қонаев қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМҚК құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Білім беру процесі Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі бекіткен МЖМБС, үлгілік оқу бағдарламаларының және жалпы орта білім беруді қамтамасыз ететін мекемелердің Үлгілік оқу жоспарының негізінде жүзеге асырылады.
Оқу-білім беру бөлімінің миссиясы:
Ақпараттар мен технологияларды басқара алатын білімді, креативті, функционалды сауатты шығармашыл тұлға қалыптастыру
Оқу-білім беру бөлімінің міндеттері:
- оқу үрдісін технологияландыру, ақпараттандыру арқылы оқушы құзыреттілігін дамыту, оқыту сапасын көтеру;
- оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерінде шығармашылық дербестігін жаңа форматта ұйымдастыру;
- сабақ үрдісінде мультимедиа құралдары мен интернет желісінің мүмкіндігін жүйелі қолдану;
- оқушыларға әрбір пән негізінде функционалдық сауаттылық дағдыларының қалыптасуына жағдай жасау;
- салауатты өмір салты мен денсаулықты нығайту арқылы рухани даму шараларын жетілдіру.
Әр ауысым бойынша оқушылар саны -283 оқушы. Оқытылуы қазақ тіліндегі сыныптардың толымдылығы -27-28 оқушы, ал орыс тіліндегі -17-20 оқушы.
Оқушылардың негізгі жасы– 9-10 сынып оқушылары (14-16 жас).
Бөлім 5 күндік оқу аптасы режимінде жұмыс істейді. Мектептегі сабақтар бір ауысымда өтеді. Мектеп ұжымында жоғары педагогикалық білімі бар- 28 педагог қызмет атқарады, оның ішінде ғылыми-педагогикалық магистр дәрежесі бар –5 мұғалім.
Педагогикалық шеберліктері бойынша: «педагог-зерттеуші» –5, «педагог-сарапшы» - 3, «педагог-модератор» – 10.
Жас мұғалімдердің нәтижелі кәсіби қалыптасуына ықпал ету мақсатында «Жас маман мектебі» ұйымдастырылған. Сонымен қатар, мұғалімдердің пәндік бағыттары бойынша қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математика, дене шынықтыру және эстетика әдістемелік бірлестіктері және мектеп дамуын басым бағыттары бойынша қамтамасыз ететін, мәселелерді оңтайлы шешу жолдарын іздестіру мақсатында жаңашылдықты анықтауға, құруға, қорытуға және енгізуге негізделген шығармашылық тұрғыда біріккен ерікті кәсіби педагогтар бірлестігі- шығармашылық топ құрылған.
Оқушылардың уақытша ұйымына білім беру жағдайында мектеп мұғалімдері оқу процесінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп, желілік білім беру модульдерін пайдаланып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары мен функционалды сауаттылықтарын арттыруға бар мүмкіндікті жасайды. Сонымен қатар, орталығымыздың мұғалімдері түрлі халықаралық және республикалық байқаулар мен ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, жүлделі орындар иеленіп, оқушыларға сапалы білім беруде аянбай еңбек етеді.
АБИЛТАЕВА АЙГУЛЬ САБЫРЖАНОВНАОрыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші
Қонаев қаласы «Балдәурен» РОСО еңбек өтілі: 2018 жылдан бастап жұмыс жасайды
Наградасы: «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі (2024 ж.)
Учитель русского языка и литературы, педагог-исследователь
Стаж работы в РУОЦ «Балдаурен» город Конаев:
работает с 2018 года
Награда: нагрудный знак «Почетный работник
образования» (2024 г.)