«Ұлттық құндылықтардың бастауы -тіл мен тарих» Республикалық семинар-практикумы өтті

 

  2021 жылдың 17-9 қараша күндері Қапшағай қаласы «Балдәурен» РОСО -да «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәнінің жас мамандарына әдістемелік көмек беру, пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы жалпыадамзаттық құндылықтарды тәжірибеде жүзеге асыру мақсатында «Ұлттық құндылықтардың бастауы -тіл мен тарих» тақырыбында Республикалық семинар-практикум өтті. Республиканың барлық аймағынан 93 жас маман қатысты.

М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазҚызПУ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласындағы филиалы, Назарбаев Зияткерлік мектептері мамандары, Қапшағай қаласы «Балдәурен» РОСО мамандары шебер-сыныптар, тренингтер жүргізді. Қатысушылар тақырып аясында толымды ойларды ортаға салып, пәнді оқыту бойынша әдістемелік көмек алды.


Наши партнеры

banner
banner
banner
banner
banner