«THE STARS OF ZHASTAR!» ұйымдастырушы-ұстаздармен танысу кеші 

«Жастар» педагогикалық тобы орталықтың жүрегі, балалардың 21 күндік демалысы барысындағы ең жақын жандары болып табылады. Балалармен күніне 24 сағат бойы жандарында болып, олардың демалыс күндерін қызықты ететін адамдар. Дәл «Жастар» тобы балалар есінде ұзақ уақытта сақталып қалады. Балалардың демалысының жақсы өтуі балалар мен ұйымдастырушы – ұстаздардың белсенді әрекеттеріне байланыс. Ұйымдастырушы – ұстаздарының өнерлерін көру балалар үшін өте қызықты болып табылады. Сол себепті «Жастар» тобымен танысу кешінде балалар асыға күтеді. Кеш барысында балалар ұйымдастырушы – ұстаздарын жаңа қырынан көріп, қоларынан келетін өнерлерімен таныс болады. Әр ауысым сайын ұйымдастырушы – ұстаздармен танысу кеші өте көңіл, қызықты, ерекше болып өткізіледі. Кеш кішігірім қойылыммен басталды, әрі қарай көңілді билер, ырғақты ән, ерекше өнерлермен жалғасты. Концерт барысында ұйымдастырушы – ұстаздардың сахнада беріліп ойнау, ал балалардың ағай – апайларын қолдауы бір – бірлеріне деген махаббаттын белгісі болып табылады. «Жастар» тобына сәттілік, балаларға жақсы демалыс тілейміз


Наши партнеры

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner