Қонаев қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «JAIDARMAN CUP» КТК командалар фестивалі» атты  2022 жылдың жазғы ауысымын 6 маусым күні бастады. Ауысым қатысушыларын құшақ жая қарсы алып, «Таныс болайық...» қызықты танысу кешін өткізді.

Сонымен қатар, 8 маусым күні «JAIDARMAN CUP» КТК командалар фестивалінің ашылу салтанаты болды. Ауысым Президенті болып Бақытова Айдын тағайындалды.  Іс-шарада КТК командаларымен таныс болып, соңында балаларға арнап би кеші ұйымдастырылды.

Орталығымызда 10 маусым күні «Жастар Style» ұйымдастырушы-ұстаздармен танысу кеші өтті. Жастар 7-ауысым қатысушыларына арнап «Балдәурен» РОСО жайында қызықты көріністер қойып, балаларға тамаша көңіл күй сыйлады. Балаларға арнап ән айтып, би де билеп, іс-шараны жоғарғы деңгейде өткізді. «Жастар» педагогикалық отряды – бұл жалынды, шаттыққа толы, өнерлі, қамқор педагог-ұйымдастырушылар! 

Сондай-ақ, әр ауысымның қатысушылары асыға күтетін «Олимп шыңы» спорт мерекесі өтті. Эстафета, дойбы, футбол, тоғызқұмалақ, үстел-үсті теннисі, садақ ату деген сияқты спорт түрлерінен командалық жарыстар болды. Іс-шара барысында балалар спорттық қабілеттерін көрсетіп, уақыттарын қызықты өткізді.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner