2023 жылғы

«Көшбасшылар уақыты» көшбасшылар мен мектеп парламенті

мүшелерінің бас қосуы атты

14 - ауысымның

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

(20.10 - 08.11.2023 ж.)

 

ҚР ОАМ бекіткен, 2023 жылға арналған жоспар – кестесі бойынша Қонаев қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 20-қазан мен 8-қараша аралығында

««Көшбасшылар уақыты» көшбасшылар мен мектеп парламенті мүшелерінің

бас қосуы»атты  14 – ауысымын өткізеді.

 

Ауысым қатысушылары: Жан-жақты бағыттағы құрылған ұйымдармен ерікті топтардың көшбасшылары, оқу озаттары мен шығармашылық топтардың белсенділері.

 

Ауысымның мақсаты: Ауысым қатысушыларының өмір мен қызметтің әртүрлі бағыттарындағы көшбасшылық қасиеттерін дамыту, әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру.

 

Міндеттері:

- ауысым қатысушыларының көшбасшылық білімін кеңейту және дағдыларын жетілдіру;

- балалар арасында ұлттық-патриоттық құндылықтар арқылы қарым-қатынас мәдениетін дамыту;

- балалардың шығармашылық белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау.

 

Ауысым аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:

 

  1. «Nice to meet you!» қызықты танысу кеші;
  2. «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» мектеп презентациясы;
  3. «Hobby groups» презентациясы;
  4. «Біріксек біз алынбайтын қамалмыз» бекет бойынша Team Building;
  5. 2023 жылғы 14-ауысым президентіне үміткерлермен танысу;
  6. 2023 жылғы 14-ауысымның ашылу салтанаты;
  7. «Leaders Time» топ визиткасын қорғау кеші;
  8. «Балдәурен жастары» ұйымдастырушы-ұстаздармен танысу кеші;
  9. «Қыран елім-Қазақстан» республика күніне орай патриоттық хор байқауы;
  10.  «Ұлы дала жүйрігі» жас ақындар айтысы;
  11.  «Олимп шыңы» СМ ашылуы және жабылуы;
  12.  «I am leader» жобасы;
  13. «Дебат-көшбасшы жолы» пікір сайысы;
  14.  «Балдәурен көшбасшысы» зияткерлік сайысы;
  15.  «Оқуға кұштар мектеп» жобасы аясында «Бір топ-бір кітап»  акциясы;
  16.  «Қазақстанның болашағы-біздің қолымызда» сахналық-көрініс байқауы;
  17.  «Балдәурен толқынында» музыкалық ойындар байқауы;
  18. «Көшбасшылық қасиет» педагогикалық вернисаж;
  19. 2023 жылдың 14 - ауысымының  жабылу салтанаты;
  20.  «Мәңгі жүректесің» гала-концерт.        

 

 

2023 жылдың 14-ауысымының салтанатты ашылуы 22 қазан күні сағат 18:00-де.

2023 жылдың 14-ауысымының салтанатты жабылуы 6 қараша күні сағат 18:00-де.

 

 

Мекен-жайымыз: 040800, Алматы облысы, Қапшағай су қоймасының солтүстік-батыс жағалауы, Қонаев қ. «Балдәурен» РОСО

Байланыс телефоны: 8(72772) 5-02-55, 5-02-50

Электрондық пошта: kapshagay.baldauren@mail.ru


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner