2023 жылғы «Цифрлық әлемге қадам» жас физик, математик,

 информатиктер жиыны» атты

15 - ауысымның

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

(12.11 - 01.12.2023 ж.)

 

ҚР ОАМ бекіткен, 2023 жылға арналған жоспар – кестесі бойынша Қонаев қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 12-қараша мен 1-желтоқсан аралығында «Цифрлық әлемге қадам» жас физик, математик, информатиктер жиыны»

атты  15 – ауысымын өткізеді.

 

Ауысым қатысушылары: Математика, физика және информатика бойынша республикалық, облыстық, қалалық ғылыми жұмыстар конкурстары мен олимпиадалардың жеңімпаздары.

 

Ауысымның мақсаты: Ауысым қатысушыларының математика, физика және информатика пәндері бойынша жан-жақты дамыта отырып ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру.

 

Міндеттері:

- ауысым қатысушыларының математика, физика, информатика пәндері бойынша білімін арттыру;

- ұлттық құндылықтарды бойларына дарыту;

- қатысушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

 

Ауысым аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:

 

  1. «Кеш жарық, достар!» қызықты танысу кеші;
  2. «Білім кемесінде» мектеп презентациясы;
  3. «Hobby groups» презентациясы;
  4. «Біріксек біз алынбайтын қамалмыз» бекет бойынша Team Building;
  5. 2023 жылғы 15-ауысым президентіне үміткерлермен танысу;
  6. 2023 жылғы 15-ауысымның ашылу салтанаты;
  7. «Достығымыз жарассын!» топ визиткасын қорғау кеші;
  8. «Сахнада ЖАСТАР!» ұйымдастырушы-ұстаздармен танысу кеші;
  9. «Цифрлық әлемге қадам» үш пәндік олимпиада;
  10.  «Ұлттық ойындар» челленджі;
  11.  «Олимп шыңы» СМ ашылуы және жабылуы;
  12.  «Маска» музыкалық-шоу байқауы;
  13. «Info белгі» бекет бойынша ойыны;
  14.  «Insta vibe» бекет бойынша ойыны;
  15.  «Dance time» би байқауы;
  16.  «Birthday party» туған күн иелеріне арналған концерт;
  17. «Сана.Болжа.Тап» зияткерлік ойыны;
  18.  «Цифрлық әлемге қадам» ақыл-ой сайысы;
  19. «Bal.business» экономикалық ойыны;
  20. «Балдәурен жүрегі-Жастар» Жастар ПО туған күніне арналған мерекелік концерт;
  21. 2023 жылдың 15 - ауысымының  жабылу салтанаты;
  22.  «Қош бол, Балдәурен!» гала-концерт.        

 

 

2023 жылдың 15-ауысымының салтанатты ашылуы 14 қараша күні сағат 18:00-де.

2023 жылдың 15-ауысымының салтанатты жабылуы 29 қараша күні сағат 18:00-де.

 

Мекен-жайымыз: 040800, Алматы облысы, Қапшағай су қоймасының солтүстік-батыс жағалауы, Қонаев қ. «Балдәурен» РОСО

Байланыс телефоны: 8(72772) 5-02-55, 5-02-50

Электрондық пошта: kapshagay.baldauren@mail.ru


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner