«Мамандықтар топтамасы» республикалық кәсіби бағдар беру форумы» атты

2023 жылғы 13 - ауысымның

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

(27.09.-16.10.2023 ж.)

 

ҚР ОАМ бекіткен, 2023 жылға арналған жоспар – кестесі бойынша Қонаев қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 27-қыркүйек пен 16-қазан аралығында «Мамандықтар топтамасы» республикалық кәсіби бағдар беру форумы» атты 13-ауысымын өткізеді.

 

Ауысым қатысушылары: ғылыми – зерттеу жұмыстарының жеңімпаздары, мектеп белсенділері, оқу озаттары.

 

Ауысымның мақсаты: мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау.

 

Міндеттері:

 

  • таңдауда оң шешім қабылдауға, өзiнiң бойындағы қасиетін тануға жетелеу;
  •  балаларды мамандардың еңбегiне қызығушылығын арттыра отырып құрметтей білуге тәрбиелеу;
  •  сауықтыру, демалыс және бос уақыттарын ұтымды пайдалануға қажеттi жағдай жасау, жалпы мәдениет пен салауатты өмiр салты дағдыларын қалыптастыру.

 

Ауысым аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:

 

  1. «Мектеп - білім ордасы» мектеп презентациясы;
  2. 2023 жылғы 13-ауысым президентіне үміткерлермен танысу;
  3. 2023 жылғы 13-ауысымның ашылу салтанаты;
  4. «Мамандықтар топтамасы» топ визиткасын қорғау кеші;
  5. «Жастар Style» ұйымдастырушы-ұстаздармен танысу кеші;
  6. «Өнерпаздар додасы» шығармашылық байқауы;
  7. «Мамандық әлеміне саяхат» бекет бойынша ойыны;
  8. «Мен тандаған мамандық» педагогикалық вернисаж;
  9. «Болашақ бүгіннен басталады» дауыстық әрекет жасау байқауы;
  10.  «Болашақ мамандықтары» пікірталас сайысы;
  11. «Bal.business» экономикалық ойыны;
  12. «Олимп шыңы» спорт мерекесінің ашылуы және жабылуы;
  13. «Zhana таспа» дәлме-дәл байқауы;
  14. «Болашаққа бағдар» даналық сабағы;
  15. «Туған күнің-төл мерекең!» туған күн иелеріне арналған концерт;
  16. «Мамандықтар жәрмеңкесі» мамандықтар байқауы;
  17. 2023  жылғы 13 – ауысымның жабылу салтанаты;
  18. «Соңғы аккорд» гала-концерт.

 

 

2023 жылдың 13-ауысымының салтанатты ашылуы 29 қыркүйек күні сағат 18:30-де.

2023 жылдың 13-ауысымының салтанатты жабылуы 14 қазан күні сағат 18:00-де.

 

 

 

 

Мекен-жайымыз: 040800, Алматы облысы, Қапшағай су қоймасының солтүстік-батыс жағалауы, Қонаев қ. «Балдәурен» РОСО

Байланыс телефоны: 8(72772) 5-02-55, 5-02-50

Электрондық пошта: kapshagay.baldauren@mail.ru


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner