«Әлемге балалар көзімен» сүйіспеншілік пен қамқорлық акциясы» атты  

2023 жылғы 1- ауысымның

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

(09.01 - 28.01. 2023 ж.)

            ҚР БҒМ бекіткен, 2023 жылға арналған жоспар – кестесі бойынша Қонаев қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 9 қаңтар мен 28  қаңтар аралығында «Әлемге балалар көзімен» сүйіспеншілік пен қамқорлық акциясы» атты 1- ауысымын өткізеді.

Ауысым қатысушылары: балалар үйінің, аз қамтылған отбасылардың, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарының балалары, шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары, белсенділер.

Ауысымның мақсаты:  балалардың ішкі – жан дүниесін түсіне отырып, жан– жақты қырынан танып білуге тәрбиелеу. Әлеуметтік маңызды және жеке тартымды іс– шаралар жасап, балалардың құзіреттілігін дамытуға ықпал ету.

Міндеттері:

  • орталыққа келген барлық балаларды, шығармашылыққа баулу арқылы қызықты да көңілді жағдай жасау;
  • жеке  тұлғаны өзін- өзі бағалап, төзімділік пен мейірімділікке үйретіп, патриоттық сезімін нығайта түсу;
  • көшбасшылық болмыс қалыптастырып, жаңа белестердің жолдарын таңдауға жол ашу.

 

Ауысым аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:

  1. «Білім кемесінде» мектеп презентациясы;
  2. «Hobby groups» қызығушылық үйірмелерінің презентациясы;
  3. 2023 жылғы 1 - ауысым президентіне үміткерлермен танысу;
  4. 2023 жылғы 1 - ауысымның ашылу салтанаты;
  5. «Бір үйдің баласындай» топ визиткасын қорғау кеші;
  6. «Жастар алаңы» ұйымдастырушы-ұстаздармен танысу кеші;
  7. «Жасыл шырша жанында» жаңа жылдық шырша;
  8. «Жарқын жүздесу» кино актеры, теле жүргізуші Шерхан Пірназармен кездесу;
  9. «Менің арманымдағы мектеп» TEDx форматындағы конференция;
  10. «Creative Dance» би байқауы;
  11. «Til - daryn» тілдер олимпиядасы;
  12. «Baldik Keshi Konildi» туған күн иелеріне арналған концерт;
  13. «Sport TIME» спорттық - интелектуалдық ойын;
  14. «Олимп шыңы» кіші олимпия ойындарының ашылуы және жабылуы;
  15. «Bal LIGA» жайдарман ойыны;
  16. «Logic League» интелектуалды сайысы;
  17. «Жастар батл» ұйымдастырушы – ұстаздармен сайыс;
  18. 2023 жылғы 1 - ауысымның жабылу салтанаты;
  19. «#Zhyrektesin» қорытынды гала - концерт.

2023 жылдың 1-ауысымының салтанатты ашылуы  11 қаңтар күні сағат 17:30-де.

2023 жылдың 1-ауысымының салтанатты жабылуы 26 қаңтар күні сағат 17:00-де.

Мекен-жайымыз: 040800, Алматы облысы, Қапшағай су қоймасының солтүстік - батыс жағалауы, Қонаев қ. «Балдәурен» РОСО

Байланыс телефоны: 8(72772) 5-02-55, 5-02-50

Электрондық пошта: kapshagay.baldauren@mail.ru  


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner