2024 жылғы «Біз жолдағы қауіпсіздік үшін» Республикалық жас жол инспекторлар байқауы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

(13.04 - 03.05.2024 ж.)

 

ҚР ОАМ бекіткен, 2024 жылға арналған жоспар – кестесі бойынша Қонаев қаласы «Балдәурен» республикалық әскери патриоттық- орталығы 13-сәуір мен 03-мамыр «Біз жолдағы қауіпсіздік үшін» Республикалық жас жол инспекторлар байқауы  жиыны атты

5 – ауысымын өткізеді.

 

Ауысым қатысушылары:  Аудандық, облыстық, республикалық жас жол қозғалысы инспекторлардың командалық сайыстардың жеңімпаздары, ҚР ҚК әскери қызметкерлері мен қызметшілерінің балалары.

 

Ауысымның мақсаты: Балалар мен жасөспірімдердің жолда жүру ережелері бойынша тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету, шеберліктерін жетілдіру, жас қозғалыс инспекторлардың бойында азаматтық жауапкершілік сезімі бар мәдени және зияткерлік деңгейі жоғары тұлғаны қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Жол-көлік жарақатының алдын алу;
  • Жолда қауіпсіз жүріс-тұрысты, ЖҚЕ сақтауды насихаттау;
  • Көшелер мен жолдарда қауіпсіз ортаны қалыптастыруға ықпал ету;
  • Ұрпақтар арасындағы өзара іс-қимылды дамыту;
  • Балалар мен ересектерде белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, жолдағы мінез-құлықтың дұрыс үлгісін көрсетуге деген ұмтылыс.

Ауысым аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:

 

  1. «Біріксек біз алынбайтын қамалмыз» бекет бойынша Team Building;
  2. 2024 жылғы 5-ауысым «Балдәурен»РОСО командирлігіне үміткерлермен танысу;
  3. «Танысайық,достасайық» қызықты танысу кеші;
  4. «Білім кемесінде» мектеп презентациясы;
  5. «Hobby groups» презентациясы;
  6. 2024 жылғы 5-ауысымның ашылу салтанаты;
  7. «The stars of Zhastar!» ұйымдастырушы-ұстаздармен танысу кеші;
  8. «Балдәурен ұлаңдары!» топ визиткасын қорғау кеші;  
  9. «Сам себе режиссер» қысқаметражды фильм байқауы;
  10. «Олимп шыңы» СМ ашылуы;
  11. «Спорт Time» спорттық интелектуалдық сайысы;
  12. «Туылған күніңмен Балдәурен» туылған күн иелеріне мерекелік концерт;
  13.  «Олимп шыңы» СМ жабылуы;
  14. «The highway» зияткерлік сайысы;
  15. «Маска» музыкалық-шоу байқауы;
  16. «Мен тандаған жол» сахналық көрініс кеші;
  17. «Қара-оқы» караоке ән кеші;
  18. «Біз жолдағы қауіпсіздік үшін» үгіт-насихат бригадаларының байқауы
  19.  Кездесу кеші
  20.  «Ынтымығы жарасқан» көп ұлттар би фестивлі;
  21. 2024 жылдың 5 - ауысымының  жабылу салтанаты;
  22. «Көріскенше менің Балдәуренім!» гала-концерт;        

 

 2024 жылдың 5-ауысымының салтанатты ашылуы 13 сәір күні сағат 16:30-да.

2024 жылдың 5-ауысымының салтанатты жабылуы 01 мамыр күні сағат 16:30-да.

Мекен-жайымыз: 040800, Алматы облысы, Қапшағай су қоймасының солтүстік-батыс жағалауы, Қонаев қ. «Балдәурен» РӘПО

Байланыс телефоны: 8(72772) 5-02-55, 5-02-50

Электрондық пошта: kapshagay.baldauren@mail.ru

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner