2024 жылғы
«Жас көшбасшы-ертеңгі қолбасшы» көшбасшы феномені атты
2- ауысымның
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
(02.02-22.02.2024 ж.)

ҚР ОАМ бекіткен, 2024 жылға арналған жоспар – кестесі бойынша Қонаев қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 02-ақпан мен 22-ақпан аралығында «Жас көшбасшы-ертеңгі қолбасшы» көшбасшы феномені атты  2 – ауысымын өткізеді.
 
Ауысым қатысушылары: әртүрлі бағыттағы аудандық, облыстық, республикалық ұйымдар мен ерікті топтардың көшбасшылары.  
 
Ауысымның мақсаты: ауысым қатысушыларының өмір мен қызметтің әртүрлі бағыттарындағы көшбасшылық қасиеттерін дамыту, азаматтық белсенділікті, рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
 
Міндеттері:
- ауысым қатысушыларының жан-жақты шығармашылық танытуына жағдай жасау;
- өскелең ұрпақтың бойында жоғары патриоттық сезімдерді, өз еліне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
- салауатты өмір салтын  және әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттау.
 
Ауысым аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:
 
1. «Біріксек біз алынбайтын қамалмыз» бекет бойынша Team Building;
2. «Балдаурен» РОСО командирлігіне үміткерлермен танысу;
3. «Таныс болайық!» қызықты танысу кеші;
4. 2024 жылғы  2-ауысымның ашылу салтанаты;
5. «Білім кемесінде» мектеп презентациясы;
6. «Hobby groups» презентациясы;
7. «Great Zhastar» ұйымдастырушы-ұстаздармен танысу кеші;
8. «Жас көшбасшы-ертеңгі қолбасшы!» визитка қорғау кеші;
9. «Біздің әскери оркестр» дыбысты оркестр байқауы;
10. «Туған жер тудырған ой» М. Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кеш;
11. «Детективное агенство» балалардың тапқырлығына арналған ойыны;
12. «Шерлок Холмс» логика және жылдамдыққа арналған ойын-жарыс;
13. «Әскери мұражай» әскери техникамен қарулардың макеттері байқауы;
14. «Жастар-батл» ұйымдастырушы-ұстаздар командалары арасында шығармашылық сайыс;
15. «Ашық алаң» көшбасшылар арасында пікір-сайыс (дебат);
16. «Лидер ХХІ века» зияткерлік сайыс; 
17. «Олимп шыңы» СМ ашылуы және жабылуы;
18. «С днем рождения!» туған күн иелеріне арналған концерт; 
19. «Ұлы ерлікке тағзым» сахналық көрініс байқауы;
20. 2024 жылғы 2- ауысымның жабылу салтанаты;
21. «Балдәурен-біздің жүрегімізде» гала концерт.  
 
 
2024 жылдың 2-ауысымының салтанатты ашылуы 04 ақпан күні сағат 17:00-де.
2024 жылдың 2-ауысымының салтанатты жабылуы 20 ақпан күні сағат 12:00-де. 
 
Мекен-жайымыз: 040800, Алматы облысы, Қапшағай су қоймасының солтүстік-батыс жағалауы, Қонаев қ. «Балдәурен» РОСО
Байланыс телефоны: 8(72772) 5-02-55, 5-02-50
Электрондық пошта: kapshagay.baldauren@mail.ru


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner