Құрметті Қазақстандықтар!
Баршаңызды Ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке біртұтас Қазақстанның берекесі мен бірлігінің, әрбіріміздің туған өлкемізге деген шексіз сүйіспеншілігіміз бен адал еңбегіміздің нәтижелі нышаны деп білемін.


Тарихи мәні терең, идеологиялық жүгі жоғары айтулы күн еліміздің бүгіні мен ертеңіне адал қызмет ететін, ерен істер мен елеулі бастамаларды жалғастыратын барша азаматтың отаншыл рухын оятып, сенім мен жауапкершілік сезімін қалыптастырады.


Он төрт жылдан кейін қайта оралып, ұлттық мереке мәртебесін алған Республика күнін атап өту Әділетті Қазақстанға қызмет ететін әрбір азамат үшін айрықша мәнге ие ерекше күн ретінде санамызда жаңғыруы тиіс.


Еліміздің кемелдену жолында бірлікті ту етіп, адал еңбектің құндылығын биік қоятын Сыр жұртшылығы ұлық мерекенің ұлағатын кейінгі ұрпаққа кеңінен насихаттау тізгінін жалғастырады деп сенемін.


Қадірлі «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының оқырмандары.

Қазақстанның тұрақты дамуы мен ұлттық стратегиялық мүддесі жолында әрбіріңіздің еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаңыз сәтті болсын!


Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, зор жетістіктер тілеймін!


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner