Алматы қаласы ХББ НЗМ-мен меморандум аясында шебер -сыныптар өтті

      Орталықтың жоспар кестесіне сай 09.02.22ж. күні Алматы қаласындағы ХББ НЗМ мұғалімдері екі мекеменің арасындағы меморандум аясында білім кешені  педагогтеріне Zomm платформасында  шеберлік сыныптар өткізді.

         Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері А.Тоқбаева мен Г.Арыстанова  “ Тәлімгер және тәлім алушы арасындағы жұмысты тиімді ұйымдастыру “ тақырыбындағы шебер  сыныбында  жас маман мен тәлімгердің арасындағы біріккен жұмыстың кейбір теориялық аспектілеріне тоқтала отырып, өздерінің осы бағыттағы атқарған жұмыстарын  тәжірибе алмасу мақсатында ресурс  ретінде ұсынды. Сондай-ақ, аталған мектептің математика пәні мұғалімі З.Жұмабекова “Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудың тиімді жолдары” тақырыбындағы шебер  сыныпта  оқыту процесіндегі қалыптастырушы бағалаудың роліне тоқталып, оны тиімді ұйымдастырудың  бірнеше тәсілдерін, бағалау критерийлерін айтып өтті. Нақты практикалық жұмыс жасалып, педагогтер теориялық білімін, нақты мысалдармен көрсетті.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner