«БАЛАLIFE» ұлы дала балаларының шығармашылық кездесуі» атты

2022 жылғы 11 - ауысымның БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

(13.08 – 27.08. 2022 ж.)

ҚР БҒМ бекіткен, 2022 жылға арналған жоспар – кестесі бойынша Қонаев қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 13-тамыз бен 27-тамыз аралығында «БАЛАLIFE» ұлы дала балаларының шығармашылық кездесуі» атты 11-ауысымын өткізеді.

Ауысым қатысушылары: Халықаралық, Республикалық, облыстық сайыстар мен фестивальдардың лауреаттары мен дипломаттары, жас әнші, биші, ақындар және шығармашылық ұжымдар.

Ауысымның мақсаты: балалар жылы аясында жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін оларға жағдай жасау, зияткерлік қызығушылық пен азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

Міндеттері:

- ауысым қатысушыларының белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру, шығармашылық пен көркемдік, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қасиеттерін дамыту;

- ауысым ішінде әр түрлі қызмет түрлеріне қатыстыру арқылы оқушылардың шығармашылық қасиеттерін дамыту;

- өскелең ұрпақты  туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасы мен дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Ауысым аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:

  1. 2022 жылғы 11-ауысым президентіне үміткерлермен танысу;
  2. 2022 жылғы 11-ауысымның ашылу салтанаты;
  3. «БАЛАLIFE» топ визиткасын қорғау;
  4. «Жастар Style» ұйымдастырушы-ұстаздармен танысу кеші;
  5. «Балдәурен TALANT SHOW» байқауы (I кезең және финал);
  6. «Олимп шыңы» спорт мерекесінің ашылуы және жабылуы;
  7. «Baldauren тұғыры» спорттық-интеллектуалды сайысы;
  8. «Дәлме-дәл» пародия фотобайқауы;
  9. «Birthday party» туған күн иелеріне арналған концерт;
  10. «Жұлдызды сәт» халық билер байқауы;
  11. 2022  жылғы 11 – ауысымның жабылу салтанаты;
  12. «Кездескенше, Арман аралы!» гала-концерт.

2022 жылдың 11-ауысымының салтанатты ашылуы  15 тамыз күні сағат 19:30-да.

2022 жылдың 11-ауысымының салтанатты жабылуы 26 тамыз күні сағат 18:00-де.

Мекен-жайымыз: 040800, Алматы облысы, Қонаев су қоймасының солтүстік-батыс жағалауы, Қонаев қ. «Балдәурен» РОСО

Байланыс телефоны: 8(72772) 5-02-55, 5-02-50

Электрондық пошта: kapshagay.baldauren@mail.ru


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner