«Біз жолдағы қауіпсіздік үшін!» жас жол инспекторларының республикалық слеті»

атты 2022 жылғы 8 - ауысымның

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

(23.06 - 07.07. 2022 ж.)

 

ҚР БҒМ бекіткен, 2022 жылға арналған жоспар – кестесі бойынша Қонаев қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 23-маусым мен 7-шілде аралығында «Біз жолдағы қауіпсіздік үшін!» жас жол инспекторларының республикалық слеті»  атты 8-ауысымын өткізеді.

 

Ауысым қатысушылары: республикалық, облыстық, аудандық «Жолда жүру ережелері» жас инспекторлар командалық сайыстарының жеңімпаздары.

Ауысымның мақсаты: Балалар мен жасөспірімдер бойында жеке қауіпсіздігі мен айналадағы жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі мәселесіне саналы және жауапты түрде қарым-қатынасын қалыптастыру, бойында азаматтық жауапкершілік сезімі бар мәдени және зияткерлік деңгейі жоғары тұлғаны қалыптастыру.

 

Міндеттері:

 

  • Қазақстандық патриотизм, өз елі үшін мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, зияткерлік әлеуетін дамыту;
  • Ауысым қатысушыларының жолда жүру ережелері бойынша тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету, шеберліктерін жетілдіру;
  • балалардың шығармашылықтарын, өзін-өзі жетілдіру үшін жағдай жасау, табысқа жету уәждемесін қалыптастыру, мерекелік атмосфера құру.

 

Ауысым аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:

 

  1. 2022 жылғы 8-ауысым президентіне үміткерлермен танысу;
  2. 2022 жылғы 8-ауысымның ашылу салтанаты;
  3. «TRAFFIC RULES» топ визиткасын қорғау кеші;
  4. «Нептун күні» жағажай мауысымының ашылуы;
  5. «Жастар Style» ұйымдастырушы-ұстаздармен танысу кеші;
  6. «Қауіпсіздік алаңы» байқауы;
  7.  «Балдәурен-көп ұлтты!» спорттық-сауықтыру ойыны;
  8.  «Біз қозғалыс ережелерін зерттейміз»  үгіт-насихат байқауы;
  9. «Жол қозғалыс ережелері» ЖЖЕ полиция қызметкерлерімен кездесу;
  10. «Қауіпсіздік формуласы» қабырға-газет байқауы;
  11. «Bright Baldauren» туған күн иелеріне арналған концерт;
  12. «Олимп шыңы» спорт мерекесінің ашылуы және жабылуы;
  13.  «Күн.Теңіз.Құм» спорттық ойын жарысы; 
  14. «Күмбірле, қоңыр домбыра!» ұлттық домбыра күніне арналған флешмоб;
  15. «Болашақ Балдәурен» макеттер көрмесі;
  16. «Домбыра PARTY» мерекелік концерті;
  17. «Музыкалық қиылыс» дыбыс оркестір байқауы;
  18. 2022  жылғы 8 – ауысымның жабылу салтанаты;
  19. «I'll miss you baldauren!» гала-концерт.

 

2022 жылдың 8-ауысымының салтанатты ашылуы  25 маусым күні сағат 19:30-да.

2022 жылдың 8-ауысымының салтанатты жабылуы 6 шілде күні сағат 18:00-де.

 

 

Мекен-жайымыз: 040800, Алматы облысы, Қонаев су қоймасының солтүстік-батыс жағалауы, Қонаев қ. «Балдәурен» РОСО

Байланыс телефоны: 8(72772) 5-02-55, 5-02-50

Электрондық пошта: kapshagay.baldauren@mail.ru


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner