«Discussion club» жас спикерлер мен дебатерлардың кездесуі» атты 2 ауысым өтуде

         Қапшағай қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Discussion club» жас спикерлер мен дебатерлардың кездесуі» атты 2-ауысым 11 ақпанда басталды.  Бұл ауысымда оқу озаттары, мектептердегі дебат үйірмелері мен клубтардың мүшелері, белсенділері қатысуда.  

     Ауысым жариялы талқылау арқылы балалардың шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту, өз көзқарастары мен пікірлерін белсенді қорғауға үйрету, көшбасшылыққа баулу, спикерлер мен дебатерларды қолдау мақсатында өтуде.

        Еліміздің әр аймағынан келген 8-9 сынып оқушылары  «Discussion club» топ визиткасын қорғау кешінде топтар арасында жарысты. «Мектеп - білім бесігі» мектеп презентациясында Балдәурен мектебінің ұжымымен танысса, 2022 жылдың 2-ауысым президентіне үміткерлермен танысу кешінде осы ауысымды қызықты өткізетін көшбасшыға дауыс бере алды. Ауысым  президенті  - Түркістан облысынан келген демалушы Рахымжан Әбілбек. 14 ақпан күні 2022 жылдың 2-ауысымының ашылу салтанаты өтіп балалар нағыз балдәурендіктер атанды. 15 ақпан күні «Жастар Style» ұйымдастырушы-ұстаздармен танысу кеші өтті. Ауысым жоспарына сай балалар спорттық сауықтыру  танымдық маршрутына, қызығушылық үйірмелеріне қатысып, мектепте өз білімдерін толықтыруда. Алдағы уақытта ауысымдағы  қызықты шаралармен бөлісетін боламыз.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner