Қапшағай қаласы «Балдәурен» РОСО 5 жылдығына орай

«Балдәурен – балалықтың алтын бесігі» атты әдеби байқау жариялайды

Байқау ережесі

 

БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

Қапшағай қаласы «Балдәурен» РОСО

БАЙҚАУДЫҢ  НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

  • Қапшағай қаласы «Балдәурен» РОСО-ның 5 жылдық мерейтойына орай, орталық жұмысын дәріптеу, балалар демалысын насихаттау, жас дарындарды қолдау;
  • Балалықтың бал бұлағы және алтын қазығы болған Балдәуреннің бүгінгі болмысын көрсету үшін оқушы  жастарды  осы байқауға тарту;
  • Қазақ әдебиетінің қазіргі әлеуетін байқатып, оқушылардың шығармашылығын таныту;
  • Жас қаламгерлердің арасынан тың таланттарды анықтау;
  • Ел ертеңі саналатын жасөспірімдердің бойында патриоттық сезімдерін оятып, бейбітшілік пен берекелі өмірдің мәні мен маңызын, балалар демалысын сапалы өткізіп жүрген орталық жұмысының ерекшелігін көрсету, өлең тілінде асқақтату.

БАЙҚАУДЫҢ ӨТЕТІН УАҚЫТЫ:

Байқауға өтініштерді қабылдау жарияланған күннен 14ақпан - 14 наурыз  2022 жылға дейін жүргізіледі.

Қабылданған жұмыстардың ішінен сарапшылар шешімімен іріктелгендері сараланып, жинаққа енгізіледі, үздік 3 жұмысқа орталыққа демалуға жолдама береді.  

Барлық қатысушыларға сертификат, жинаққа енген қатысушыларға мадақтама, жетекшілеріне алғыс хат беріледі.

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР:

5-9- сынып оқушылары. Қатысу тілі: қазақша, орысша.

БАЙҚАУДЫҢ ЕРЕЖЕСІ:

Байқауға қатысушылар «Балдәурен – балалықтың алтын бесігі»  атты ортақ тақырыпта Балдәуренге арнау өлең жазады.

Қатысушыға қойылатын талаптар: 

Байқауға қатысушы берілген тақырып бойынша өзінің бір арнау өлеңімен қатысады;  

Өлеңінің көлемі 3 беттен аспауы керек (А4 форматында);

Өлеңнің көркемдігіне, тақырыпты ашуына, ой ұшқырлығына басты назар аударылады;

Өлең  Microsort Word  түрінде (Times New Roman 14) жазылып kapchagay.baldauren@mail.ru  электронды поштасына жіберілуі керек.

БАЙҚАУДЫҢ МАРАПАТТАУ КЕЗЕҢІ:

Жіберілген жұмыстарды арнайы тағайындалған сарапшылар тексеруден өткізіп, үздік деп танылған жұмыстар жинаққа ұсынылып, жеңімпаздар тізімі инстаграм парақшасына, орталық сайтына жарияланады. Жолдама алған балалар орталықта осы жыл көлемінде демалысқа келе алады.

Қазылардың шешімімен анықталған үздік жұмыстар республика көлемінде дәріптеледі. (БАҚ-да, Теле бағдарламаларда).

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ:

Байқауға қатысушылар жазылған жұмысымен бірге төменде көрсетілген (қосымша-1) үлгі бойынша өтініштерін толтырып, өзінің жұмысын электронды мекен-жайға жібереді. 

Қосымша 1

Өтініш беру үлгісі

Қатысушының аты-жөні:

Қатысушының шығармасының атауы:

Туған жылы, айы, күні:

Мекен-жайы, (облыс, қала, аудан, ауыл, мектеп):

Электронды мекен-жайы:

Байланыс номері:

Ескерту! Өтініштің қате толтырылғандығы үшін ұйымдастырушылар жауап бермейді.

Сұрақтар бойынша: 87776843960.

 

 

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner