«Қазақстанға қызмет етемін!» әскери-патриоттық клубтар,

кадет сыныптарының жиыны атты

2023 жылғы 6 – ауысымның

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

(04.05 - 23.05.2023 ж.)

            ҚР ОАМ бекіткен, 2023 жылға арналған жоспар – кестесі бойынша Қонаев қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 4 мамыр мен 23 мамыр аралығында  «Қазақстанға қызмет етемін!» әскери-патриоттық клубтар, кадет сыныптарының жиыны» атты    6 – ауысымын өткізеді.

Ауысым қатысушылары: «Жас Ұлан» республикалық мектептері, мектептердегі кадет сыныптарының оқушылары, мектеп белсенділері, ерлік жасаған батыр балалар.

Ауысымның мақсаты: Балаларға әскери - патриоттық тәрбие беру – мемлекеттің өміршеңдігіне әсер ететін негізгі рухани тірегі бола отырып, қоғамның дамуына, азаматтық адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына,  әскери іске деген қызығушылығын арттыру

 

Міндеттері:

  •  ауысым қатысушыларының әскери қызметін өтеуге қажетті қасиеттерін қалыптастыру мен жауынгерлік қабілеттілігін шыңдау;
  • сауықтыру, демалыс және бос уақыттарын ұтымды пайдалануға қажетті жағдай жасау;
  • тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін, халыққа қызмет ету үшін рухани және тұлға жағынан дамып, жетілуіне жүйелі әрі нысанды түрде ықпал ету;

 

Ауысым аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:

  1. 2023 жылғы 6-ауысым президентіне үміткерлермен танысу;
  2. 2023 жылғы 6-ауысымның ашылу салтанаты;
  3. «Мектеп - білім теңізі» мектеп презентациясы;
  4. «Ұланымын ұлы елдің» топ визиткасын қорғау кеші;
  5. «#Jastar armandaidy»  ұйымдастырушы-ұстаздармен танысу кеші;
  6. «Ұлы ерлікке тағзым!» шығармашылық байқауы;
  7. «Өршіл рухтан - өлмес ерлік туады» Бауыржан Момышұлы  шығармаларынан таныстыру сайысы;
  8. «Олимп шыңы» спорт мерекесінің ашылуы және жабылуы;
  9. «Ұлы жол – отбасы табалдырығынан  басталады»  әлемге елін танытқан балалармен кездесу
  10. «Оқуға ұмтыл-Тұлғаны таны» батырлар жыры READx-жобасы;
  11. «Менің таңдауым....» 4К моделі экспериметтік  сабақтар;
  12. «Өз - өзіңді жеңу - жеңістердің жеңісі» психологиялық тренинг;
  13. «Тілге құрмет – елге құрмет» авторлық өлеңдер сайысы;
  14. 2023  жылғы 3 – ауысымның жабылу салтанаты;
  15. «#ZHYREKTESIN» гала-концерт.

 

2023 жылдың 6 -ауысымының салтанатты ашылуы 6 мамыр күні сағат 17:30-де.

2023 жылдың 6-ауысымының салтанатты жабылуы 21 мамыр күні сағат 17:00-де.

 

Мекен-жайымыз: 040800, Алматы облысы, Қапшағай су қоймасының солтүстік-батыс жағалауы, Қонаев қ. «Балдәурен» РОСО

Байланыс телефоны: 8(72772) 5-02-55, 5-02-50

Электрондық пошта: kapshagay.baldauren@mail.ru


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner