«MediaCampFest»  медиа шығармашылық фестивалі» атты

2022 жылғы 14- ауысымның

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

(20.10 - 08.11. 2022 ж.)

ҚР БҒМ бекіткен, 2022 жылға арналған жоспар – кестесі бойынша Қонаев қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 20 - қазан мен 8 - қараша аралығында «MediaCampFest»  медиа шығармашылық фестивалі» атты 14-ауысымын өткізеді.

Ауысым қатысушылары: Мектептердегі жас журналистер, тілшілер үйірмелерінің қатысушылары, жас блогерлер, мектеп белсенділері

Ауысымның мақсаты:  журналистика мен блогерлік саласының тарихымен іс- шаралар ұйымдастыру барысында танысу. Ауысым қатысушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың танымдық қызыушылығын арттыру.

Міндеттері:

  • Балалар шығармашылықтарының идеялық- көркемдік деңгейін көтеру, оның жеке тұлға болып қалыптасуына әсерін арттыру;
  • Әрбір жеке тұлғаның ақыл- ойының дамуына, адамгершілікке ұмтылып, зерттеушілік, танымдық қабілеттерін күшейтуге жағдай жасау;
  • Әр балаға өзінің шығармашылық қабілетін ашып, көрсетуге мүмкіндіктер беру.

Ауысым аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:

  1. «Дос болайық бәріміз» қызықты танысу кеші;
  2. «Оқу- білім қызығы» мектеп презентациясы;
  3. 2022 жылғы 14 - ауысым президентіне үміткерлермен танысу;
  4. 2022 жылғы 14 - ауысымның ашылу салтанаты;
  5. «Байланыста Балдәурен» топ визиткасын қорғау кеші;
  6. «Менің Қазақстаным» Республика күніне арналған концерт;
  7. «Жалынды Жастар» ұйымдастырушы-ұстаздармен танысу кеші;
  8. «Ауысым дарабозы» зияткерлік ойын;
  9. «Көңілді қалашық» орталық қызметкерлерімен эксклюзивті сұхбат;
  10. «MaestroBaldik» дыбысты оркестр байқауы;
  11. «ReelsTIME» қызықты подкаст;
  12. «TEDxBaldauren» конференциясы;
  13. «Бүгін бізде туған күн» туған күн иелеріне арналған концерт;
  14. «Ашық алаң» пікірталас сайысы;
  15. «Көлеңкелі театр» сахналық қойылым сайысы;
  16. «KazGame» ұлттық ойындар чемпионаты;
  17. «Қазақ және Шалқар» радиосының жүргізушілерімен кездесу;
  18. «Біздің уақыт» видеороликтер байқауы;
  19. «Олимп шыңы» кіші олимпия ойындарының ашылуы және жабылуы;
  20. 2022 жылғы 12 - ауысымның жабылу салтанаты;
  21. «#BaldaurenZhyrekte» қорытынды гала - концерт.

2022 жылдың 14-ауысымының салтанатты ашылуы  23 қазан күні сағат 17:00-де.

2022 жылдың 14-ауысымының салтанатты жабылуы 6 қараша күні сағат 17:00-де.

 

Мекен-жайымыз: 040800, Алматы облысы, Қапшағай су қоймасының солтүстік - батыс жағалауы, Қонаев қ. «Балдәурен» РОСО

Байланыс телефоны: 8(72772) 5-02-55, 5-02-50

Электрондық пошта: kapshagay.baldauren@mail.ru  


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner