Қонаев қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 11-мамыр мен 30-мамыр аралығында «Рақымжан - Жеңіс сарбазы» әскери-патриоттық клубтардың республикалық жиыны» атты 6-ауысымын сәтті тәмәмдады. Бұл 6-ауысым жасөспірімдерге әскери-патриоттық тәрбиені жандандыру және жетілдіру, оқушылардың бойында жоғары патриоттық тәрбиені, өз Отанына деген адалдық сезімін қалыптастыру мақсатын көздеді.

    Ауысым кезінде көптеген іс-шаралар болды. Ашылу салтанаты 14 мамыр күні салтанатты түрде өтті. Орталығымыздың ұйымдастырушы ұстаздары «Рақымжан – Жеңіс сарбазы» педагогикалық вернисаж өткізді. 17 мамыр күні Жетісу өңірімен таныстыру үшін «Рухы бекем, киелі мекен - Жетісу» атты бағдарлама бекеттер бойынша ұйымдастырылды. Жетісу жерінің тарихымен таныстыру, тылсым табиғаттың қыры мен сырын ашу мақсатын нысанаға алды. Сынып жетекшілері бекет бойынша ойынның шарттарын, қауіпсіздік техникасын түсіндірді.

               

               

           Балдәурендік қатысушыларды ауысым тақырыбына тереңірек үңілту үшін 32363 әскери бөліміне саяхат жасады. Мылтық ату, алғашқы медициналық көмек, әр-түрлі кедергіден өту, АК74 уақытқа шашуды, жинауды өз көздерімен көріп, тәжерибе жинақтап келді. Сонымен қатар, «Sound.Stop.Save» дауыстық әрекет жасау байқауы өтіп, балалар еркін тақырыпта видеоларды өз дауыстарымен орындады. 

               

                

        «Бақытты Балшаһар» атты концерт қойылып, туған күн иелерін құттықтадық. 23 мамыр күні «Жеңіс сарбазы» әскери әндердің сахналық қойылым байқауы өтті. Іс-шарада 9 топ өнер көрсетті. Балалар әннің мазмұнына сай әндерге тамаша көріністер қойып, әділқазы алқаларын таң қалдырды. Әр топ өнер көрсетуіне орай әділ марапатталды. Сонымен қатар, қатысушылар Қонаев қаласындағы «Ретро» мүзейіне экскурсияға барды. Мұнда салтанатты шерулерге шығып жүрген көліктерді тамашалап, фотосуреттерге түсіп, мәз болысты. 

                

                

      «Сыңғырла, соңғы қоңырау-2022!» атты салттанатты жиын 25 мамыр күні өтті. Орталығымыздағы іс-шара оқушыларға мектептегіндей әсер етуіне барлық жағдай жасалды. Қонаев қаласы «Балдәурен» РОСО кешен басшысы Есебаев Нұржан Аралбекұлы балаларды құттықтап, үздік мұғалімдерді марапаттады. Оқушылар «Ұстазым менің», «Ұстазға мың алғыс», «Аяулы мектебім» деген әндерді шырқап, тамаша көңіл-күй сыйлады. Осы оқу жылының соңғы сәтінің белгісі ретінде соңғы қоңырау соғылды.

               

               

          Бұдан әрі орталығымызда «Тәуелсіз елдің жастары» атты саптық жүріс байқауы ұйымдастырылды. Іс-шара балалардың Отан алдындағы борышын орындауға бейімдеу, ұмтылдыру мақсатында болды. Қонақ ретінде Кадет сыныбының әскери тәрбиешілері аға лейтенант, Оман Талғат Мейржанұлы мен сержант, Әшірбай Абылайхан Ғалымжанұлы қатысты. 6-ауысым қатысушылары саптық жүрісте жақсы нәтиже көрсетті. 27 мамыр күні «TEDxBALDAUREN» конференциясы «Менің болашақ Қазақстанға қосар үлесім» атты тақырыпта тыңдалым өтті. Балалар өзідерінің жаңаша көзқарастарымен, идеяларымен бөлісті.

               

               

               

          Мінеки, қызыққа толы «Рақымжан - Жеңіс сарбазы» әскери-патриоттық клубтардың республикалық жиыны» атты 2022 жылдың 6-ауысымы өз мәресіне жетті. Ауысымның жабылу салтанатында топ басшылық қасиетімен көзге түскен балалар, өзін-өзі басқару ұйымы, патриоттық қасиеттері байқалған демалушылар «Қазақстандық жас патриоттар Академиясының» құрамын толықтырды.

               

               

         «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы осы ауысым қатысушыларына сәттілік тілейді. Келесі кездескенше!


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner