«Рақымжан-Жеңіс сарбазы» атты республикалық патриоттық іс-шара өтті.

           Қонаев қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2022 жылдың 7 мамыр күні «Рақымжан-Жеңіс сарбазы» атты республикалық патриоттық іс-шара өтті. Іс-шара халық қаһарманы, Рейхстагқа Жеңіс Туын тіккен қазақ азаматы Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым көрсету, еске алу және дәріптеу мақсатында өткізілді.

           Жеңіс Туының көшірмесін Түркістан облысындағы «Балдәурен» РОСО филиалы салтанатты түрде Қонаев қаласы «Балдәурен» РОСО-ға әкеліп табыстады. Бұл жиын елімізді қорғап қалған батырларымызды еске түсіріп, болашақ жастарды рухтандырып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырады деген үміттеміз!


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner