«Тезірек.Жоғары.Күштірек» денсаулық марафоны»  

атты 2022 жылғы 10 - ауысымның

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

(27.07 - 10.08.2022 ж.)

ҚР БҒМ бекіткен, 2022 жылға арналған жоспар – кестесі бойынша Қонаев қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 27-шілде мен 10-тамыз аралығында «Тезірек.Жоғары.Күштірек» денсаулық марафоны» атты 10-ауысымын өткізеді.

Ауысым қатысушылары: халықаралық, республикалық, облыстық спорт жарыстарының жеңімпаздары, спорт мектептерінің оқушылары.

Ауысымның мақсаты: салауатты өмір салтын жан-жақты насихаттау, спортқа деген қызығушылықтарын ояту.

Міндеттері:

  • заман талабына сай баланың өздігінен жетілуіне жағдай жасау, ұлт болашағын құрметтейтін жасөспірімдерді тәрбиелеу;
  • спорттық, зияткерлік бағыттағы іс-шаралар өткізу арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру;
  • балаларды еліміздің танымал спортшыларына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
  • балалар арасында ұлттық құндылықтар арқылы қарым-қатынас мәдениетін дамыту, балаларды ұлттық-патриоттық бағытта тәрбиелеу.

Ауысым аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:

  1. 2022 жылғы 10-ауысым президентіне үміткерлермен танысу;
  2. 2022 жылғы 10-ауысымның ашылу салтанаты;
  3. «Бірінші байлық – денсаулық!» топ визиткасын қорғау кеші;
  4.  «Жастар Style» ұйымдастырушы-ұстаздармен танысу кеші;
  5. «Балдәурен кубогы» футбол, пионерболдан чемпионат;
  6.  «3х3» форматындағы сайыс;
  7.  «Балдәурен аруы мен серісі» байқауы;
  8. «Яркокросс»  марафоны;
  9.  «Құттықтайды Балдәурен!» туған күн иелеріне арналған концерт;
  10. «Cheerleading» спорттық би байқауы;
  11. «Олимп шыңы» спорт мерекесінің ашылуы және жабылуы;
  12.  «Жарқын дауыс» акапеллалық әндер байқауы; 
  13. 2022  жылғы 10 – ауысымның жабылу салтанаты;
  14. «Кездескенше, Балдәурен!» гала-концерт.

2022 жылдың 10-ауысымының салтанатты ашылуы  30 шілде күні сағат 18:00-де.

2022 жылдың 10-ауысымының салтанатты жабылуы 9 тамыз күні сағат 18:00-де.

 

Мекен-жайымыз: 040800, Алматы облысы, Қапшағай су қоймасының солтүстік-батыс жағалауы, Қонаев қ. «Балдәурен» РОСО

Байланыс телефоны: 8(72772) 5-02-55, 5-02-50

Электрондық пошта: kapshagay.baldauren@mail.ru


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner