«Туған күніңмен, BALSHAHAR!» шығармашылық ауысымы»  атты

2023 жылғы 5 - ауысымның

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

(11.04.-30.04.2023 ж.)

ҚР ОАМ бекіткен, 2023 жылға арналған жоспар – кестесі бойынша Қонаев қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 11-сәуір мен 30-сәуір аралығында «Туған күніңмен, BALSHAHAR!» шығармашылық ауысымы» атты 5-ауысымын өткізеді.

Ауысым қатысушылары: жас вокалистер, музыканттар, би ансамбльдері, заманауи және дәстүрлі би студияларының мүшелері.

Ауысымның мақсаты: жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық мұраны қастерлеуге, өнерге баулу, эстетикалық ұстанымды қалыптастыру.

Міндеттері:

  • ұлттық өнердің негізінде жасөспірімнің эстетикалық танымын қалыптастыру;
  • ауысым барысында әр түрлі іс - шаралар арқылы оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту;
  • сауықтыру, демалыс және бос уақыттарын ұтымды пайдалануға қажетті жағдай жасай отырып, азаматтыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

Ауысым аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:

  1. «Мектеп - білім айдыны» мектеп презентациясы;
  2. 2023 жылғы 5-ауысым президентіне үміткерлермен танысу;
  3. 2023 жылғы 5-ауысымның ашылу салтанаты;
  4. «Туған күніңмен, BALSHAHAR!» топ визиткасын қорғау кеші;
  5. «Жалынды Жастар» ұйымдастырушы-ұстаздармен танысу кеші;
  6. «Балдәурен-көпұлтты» спорттық – зияткерлік сайысы;
  7. «Вusiness city» экономикалық ойыны;
  8. «Bari keldi» ток-шоуы;
  9. «Туған күніңмен, Балдәурен» Қонаев қ. Балдәурен 6 жылдық мерейтойына арналған әндер байқауы;
  10. «Адами құндылықтарды дәріптеу алаңы» даналық сабағы;
  11. «Олимп шыңы» спорт мерекесінің ашылуы және жабылуы;
  12. Creative space «Ел іші – өнер кеніші!» жұптық шығармашылық байқауы;
  13. «Балдәуреннің үнімен» дыбыстық оркестр байқауы;
  14. «Ауысым дарабозы» интеллектуалдық ойыны;
  15. «Ұлттық билер - 2023» би байқауы;
  16. 2023  жылғы 3 – ауысымның жабылу салтанаты;
  17. «Достықтың мекені-Балдәурен» гала-концерт.

2023 жылдың 5-ауысымының салтанатты ашылуы 13 сәуір күні сағат 17:30-да.

2023 жылдың 5-ауысымының салтанатты жабылуы 29 сәуір күні сағат 17:00-де.

 

Мекен-жайымыз: 040800, Алматы облысы, Қапшағай су қоймасының солтүстік-батыс жағалауы, Қонаев қ. «Балдәурен» РОСО

Байланыс телефоны: 8(72772) 5-02-55, 5-02-50

Электрондық пошта: kapshagay.baldauren@mail.ru


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner