Бала жүрегінің бағбаны
"Жастар" педагогикалық отряды - жас және байсалды педагог-ұйымдастырушылар командасы. Барлығы әртүрлі, бірақ бір мақсат біріктірген мамандар!
"Жастар"педагогикалық отряды-бұл жалынды, шаттыққа толы, қамқоршыл педагог-ұйымдастырушылар, олардың айналасындағы балалар сияқты көздері жарқын!
Ұйымдастырушы-ұстаздар-бұл балаларды шығармашылық, ойын, таным жолымен үлкен ересек әлемге жетелейтіндер. Ұйымдастырушы-ұстаздың жұмысының жалпы ережелері мен принциптері бар.
Ұйымдастырушы-ұстаздар:
- балаларға арналған 100-ден астам ойындар мен іс-шараларды біледі;
- авторлық бағдарламаларды әзірлейді, енгізеді, сынақтан өткізеді;
- республикалық, халықаралық конкурстарға, семинарларға, конференцияларға қатысады;
- орталықта өтетін семинарларға белсенді қатысады;
- жасөспірімдер психологиясының қыр-сырын түсінеді;
– орталықта жұмыс істеу-бұл баланың өмірі мен денсаулығы үшін тәулік бойы жауапкершілік екенін түсінеді. Ұйымдастырушы-ұстаздар басқа елдердің балаларымен, сондай-ақ спорттық командалар мен шығармашылық ұжымдармен жұмыс істейді. Олардың ешқайсысы назардан тыс қалмайды.
Ұйымдастырушы -ұстаздар кездесетін түрлі қиындықтарды тәжірибені талдай отырып, қателіктердің себептерін іздейді және проблемаларды шешудің жаңа тәсілдерін табады. Ең бастысы-орталыққа алғаш рет келген балалармен өз тәжірибесімен бөлісуге дайын!
Қапшағай қаласындағы "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығында жұмыс істей отырып, ұйымдастырушы-ұстаздар өздерінің ең батыл шығармашылық идеяларын жүзеге асырып, өздерінің: педагог, актер, режиссер, биші, музыкант, әнші, спортшы, дипломат және т.б. таланттарын аша алады.
"Жастар" педагогикалық отряды - бұл сенің достарыңның тұтас отряды: ең адал, тату, қайырымды және қызықты жандар.
Орталығымызда «Жастар Style» ұйымдастырушы-ұстаздармен танысу кеші өтті. #ZHASTAR 8-ауысым қатысушыларына арнап «Балдәурен» РОСО жайында қызықты көріністер қойып, балаларға тамаша көңіл күй сыйлады. Балаларға арнап ән айтып, би де билеп, іс-шараны жоғарғы деңгейде өткізді. «Жастар» педагогикалық отряды – бұл жалынды, шаттыққа толы, өнерлі, қамқор педагог-ұйымдастырушылар!