2026 жылғы 3-ауысымның қорытындылау және жабылу салтанаты Қонаев қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында салтанатты түрде өтті. Аталған ауысым қазақ халқының ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған «Жыр мен сөздің – жаршысы» балалар шығармашылық фестивалі аясында ұйымдастырылды.

Ауысым барысында балалар түрлі мәдени, шығармашылық, спорттық және танымдық іс-шараларға белсене қатысып, өз өнерлері мен қабілеттерін көрсете білді.

Іс-шара барысында балалар ауысым кезінде өткен жарқын сәттерді еске алып, алған әсерлерімен бөлісті. Сонымен қатар белсенділік танытып, түрлі байқаулар мен жарыстарда ерекше көзге түскен балалар марапатталды.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner