
Ынталы да талапты, алғыр оқушыларды анықтау және оларды ізденуге, тез ойлауға баулу арқылы қызығушылығын арттыруға бағытталған «Ауысым дарабозы» зияткерлік ойыны өтті.
«Адамның біліміне ақыл серік, ақыл-кен таусылмайтын жанға көрік» деп, поэтикалық өнердің дарынды өкілі Ақансері Қорамсаұлы айтқан болатын. Дәл сол ақыл мен ой-өрісін, білімін, тапқырлық қабілетін тексеріп, сарапқа салатын зияткерлік ойнына әр топтан бір бала қатысты. «MediaCampFest» медиа шығармашылық фестивалі атты 2022 жылдың 14 – ауысымындағы «АУЫСЫМ ДАРАБОЗЫ» зияткерлік ойынының мақсаты жас дарындардың әр түрлі салалардағы білімін кеңейту және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. Сайыста қатысушыларымыз өз білімін, ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін ортаға салады және олардың арасынан тек мықтылар ғана жеңіске жетеді.









.png)