
«БАЛАLIFE» Ұлы дала балаларының шығармашылық кездесуі» атты 11 ауысымның тақырыбына сай, «Балдәурен TALANT SHOW» байқауы өтті. Талантты балалар вокал, би, мәнерлеп оқу, күйден сайысқа түсті. Іріктеу кезеңінен өткен қатысушылары 2 кезеңнен тұратын байқауда өз өнерлерін көрсетті. Бірінен бірі озған талантты балалар қызу бәсекеге түсті. Жеңімпаздар ауысымның жабылу салтанатында марапатталды.










.png)