Кітапхана

      Кітапхана- орталықтың ғылыми-әдістемелік бөлімге қарасты мәдени, рухани орны. Кітапхана республикалық нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып жұмыс жасайды.

Кітапхана жұмысының мақсаты:
- Қазақстан Республикасының стратегиялық бағдарламасын, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың жолдауларын  басшылыққа ала отырып, жас ұрпақ зердесіне ұлтқа тән рухани құндылығымызды ұялататын халықтық тәрбие тағылымдарын, салауатты өмір салтын насихаттау;
- Ұлтымыздың сан ғасырлық өмір-тіршілігі тәжірибесі де қорытылып, үзілмес рухани желі тартып келе жатқан озық салт-дәстүрлерін, өнер-білімдерін жан-жақты тарату,
- Тілі мен дінінің, тарихы мен дүниетанымдылығын насихаттай отырып, елжандылыққа, отансүюшілікке баулу;
- Егеменді еліміздің ертеңіне тіреу, іргесіне сүйеу болатын жастарымызды жан-жақты жетілдіруге байланысты этнопедагогика, жантану, тарих, филология, математика және т.б. ғылыми салалардағы тәжірибелерді, ғылыми зерттеулерді, әдістемелік сипаттағы материалдарды үзбей насихаттау;
- Жастарымыздың ой-санасымен талғам таразысын жан-жақты дамуына әсер ететін дүниежүзінде болып жатқан саяси жаңалықтармен  хабардар ету .

 

 Кітапхана жұмысының міндеті:

- Кітапханаға оқырмандарды үнемі тартып отыру;
- Кітапхананың қорын насихаттау;

- Атаулы күндерге мәдени іс-шаралар өткізу;

- Қазақ халқының ұлы тұлғаларының мерейтойларына орай көрмелер  ұйымдастыру;
- Оқырмандарға қызмет көрсету;
- Кітап қорын толықтыру;
 

 Кітапхана қорында көркем әдебиеттермен бірге басқа білім салаларындағы әдебиеттер, оқулықтар мен әдістемелік құралдар, мерзімді басылымдар  бар. Жалпы қорда бес мыңнан аса кітап жинақталған.

Демалушылардың рухани дүниесін байыту мақсатында ауысым барысында саяхат маршруты ережесіне сай кітапханада кітап оқу сағаты ұйымдастырылған. Сонымен қатар  демалушылардың кітап оқуға қызығушылығын, оқу мәдениетін жоғарлатып, көркем сөзді оқу арқылы сөздік қорын, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, балалар арасында кітапқұмарлар санын көбейту, нәтижесінде кітап оқу мәдениетін күнделікті дәстүрге айналдыруға негізделген «Қызықты кітаптар» қызығушылық үйірмесі жұмыс жасайды. Кітап оқуды насихаттауда,  жыл бойына  мәдени іс-шаралар: кітапханалық сабақтар, тәрбие сағаты, пікірталас, әдеби кештер, қазақ халқының ұлы тұлғаларының мерейтойларына  орай көрмелер,тақырыптық сөрелер ұйымдастырылады.Орталық аумағында «Буккроссинг» кітап ұяшықтары ашылды. Біліктілікті арттыру аясында республикалық кітапханашылар семинарлары өтеді.

 

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner