Қапшағай қ. «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында орталыққа келген балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық дамуы үшін барлық жағдай жасалған.

Қазіргі уақытта орталықта қосымша білім беру бойынша 7 қызығушылық үйірмелері жұмыс жасайды: «Anime life» аниме жанрында сурет салу, «Полимерлі саз» мүсін жасау үйірмесі, «Сиқырлы құм» құммен сурет салу, «Мобилография» фото-видео түсіру, «Психология», «Сиқырлы кітаптар» кітапхана үйірмесі және «Қыш құмыра» қыштан мүсіндер жасау үйірмесі. Бұл үйірмелер балалардың шығармашылық ойлауды, есте сақтауды, өнерге деген сүйіспеншілікті, топта жұмыс жасай білу қабілетін дамытуға көмектеседі.

Қызығушылық үйірмелерінің негізгі мақсаты-балалар мен жасөспірімдердің жеке тұлғалық әлеуетін, зияткерлік қабілетін, балалардың уақытша бірлестігі жағдайында шығармашылықта өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағымды орта құру болып табылады.

Қызығушылық үйірмелерінің бағдарламалары Орталықтың қызметімен байланысты, сондықтан сабақтар ауысымның тақырыптарын ескере отырып реттеледі, бұл балалардың іс - әрекетін әр тараптандыруға және ойын түрінде шығармашылық арқылы барлық ауысым қатысушыларын түгел тартуға мүмкіндік береді. Бұл шығармашылық шеберханалар, станциялардағы ойындар, ауысым тақырыбы бойынша бұқаралық іс -шаралар, ойындар, квест ойындары, әңгімелер, байқаулар, мұнда балалар жеке және топта өз ойын білдіре алады.

Қосымша білім беру педагогтері өз жұмысында жобалық оқыту технологиясы, ойын технологиялары, коучинг, қашықтықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар сияқты жаңа әдістемелік тәсілдерді оқытуда кеңінен қолданады. Әр ауысым қорытындысы бойынша үздік жұмыстар көрмеге қойылады.

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner