20.07.2022
Орталығымызда 9 ауысым қатысушалымен «Дәлме дәл» пародия байқауы өтті. Онда әр топ бейнебаянға, мультфильмнің үзіндісіне немесе кинофильмге пародия жасауы керек. Байқауға 9 топ қатысты. Жеңіске 8 топ ие болды. Құттықтаймыз!!!
17.07.2022
2022 жылды «Балалар жылы» деп жарияланып, Балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ» атты көркем еңбек пәні мен суретші-педагогтардың ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ өтті. Халықаралық симпозиум қатысушылары екі күн бойы көрме жұмысына, плэнерге, шебер-сыныптарға қатысып, өздерінің таланттарын паш етті, алдыңғы буыннан үздік т...
15.07.2022
Орталығымызда «Жастар» педагогикалық тобының ұйымдастыруымен «Жастар Style» ұйымдастырушы-ұстаздармен танысу кеші өтті. Іс-шара қиял-ғажайып оқиғалар желісінде баяндалды. Қойылымдар қызыққа толы болып ауысым қатысушыларының көңілінен шықты. Соңында Нұршоқан ағайға сары галустук тағылды. Құттықтаймыз!
14.07.2022
«Егіз-лебіз» тақырыбында 9 – ауысым қатысушыларымен топ визиткасын қорғау кеші өтті. Әр топ өзінің атын, ұранын, санамағын, әнін айтып сайысқа түсті. Барлық топ өздерінің өнерлерін ортаға салып, керемет көңіл-күй сыйлады. Бұл сайыста 8 топ жеңіске жетіп, Гран-при алды. Ал I орынға 6 топ, II орынға 9 топ және III орынға 1 топ ие болды. Жеңістеріңіз құтты болсын!!!
13.07.2022
9 – ауысым қатысушыларына Орталығымызды таныстыру мақсатында «Біріксек бір алынбайтын қамалмыз» тимбилдингі өтті. Тимбилдингте әр топ көрсетілген бекетке келіп, ойын ойнап, ұпай жинады. Ауысым демалушылары уақыттарын қызықты өткізді. Бұл іс-шараны орталығымыздың психологтары ұйымдастырды.