"БІЛІМ КЕМЕСІНДЕ" МЕКТЕП ПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ

        Мектеп – барлық рухани өркениеттің ошағы. Білім ұясы – жан-жақты дамуға жағдайлар туғызатын, тұлғаның өз бетімен білімін жетілдіруіне жағдай жасайтын, таңдау мүмкіндіктерін туғызатын, еркін және шығармашылық тұрғыда қызмет жасауға мүмкіндік жасайтын білім ордасы болуы тиіс. 

        Мектептің басты міндеті – ең алдымен, саналы да ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеп шығу. Бүгінгі жаһандану заманында білім беру ісінде, жас ұрпақты тәрбиелеуге жаңа көзқарастар пайда болды. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесін арттырып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпаққа білім беру мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Мектеп болашаққа бастайтын, рухани азықтандыратын алтын ұя болса, ал мұғалім – сол шаңырақтың тірегі, сүйеніші.

         "Балдәурен" орталығында "Білім кемесінде" атты мектеп презентациясы өткізілді. Бұл іс-шара оқушылардың орталықтағы уақыттарында мектепте өткізілетін іс-шаралар мен сабақ беретін пән мұғалімері және сынып жетекшілерімен таныстырды. 

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner