"БАЛДӘУРЕН ЖҮРЕГІ - ЖАСТАР" ЖАСТАР ПО ТУҒАН КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ

               Жастар - бұл мемлекетіміздің күш-қауатын еселейтін ең негізгі мықты буын – деп мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай бүгінгі күннің жастары – ертеңге жол бастаушылар. Балалардың бақыт ордасына айналған «Балдәуреннің» жүрегі де осы «Жастар» педагогикалық тобы. «Жастар» тобы жан-жақты тұлғалар. Олар: әнші, актер, керек десеңіз биші, режиссер, спортшы қабілеттері арқылы барлығын таңқалдыра алады. Олар өз жұмысын жақсы білетін жандар. Өйткені ұйымдастырушы-ұстаз болу деген, бұл жұмыс пен қатар жауапкершілік. Бір саланы ғана меңгеріп қана қоймай, жан-жақты өзін дамытатын, оқушылардың жүрегіне жол таба білетін бұл жандар – орталығымыздың тынысы іспетті. 2002 жылғы қараша айының 27-ші жұлдызында құрылған «Жастар» педагогикалық тобының құрамында қазіргі таңда еліміздің әр өңірінен жиналған дарынды, арманшыл, ниеттері таза, өнерлі, көздерінен жалын көрінетін адамдар жұмыс атқарады. «Жастар» педагогикалық тобы тек балалар үшін үлкен шапағатты мейіріммен жұмыс істейді.

              Орталыққа келген оқушылардың жақсы демалысын ұйымдастырып, балаларға ұмытылмас әсерлер мен естеліктер сыйлауға тырысатын «Жастар» педагогикалық тобын  туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы уақыттарда жұмыстарыңызға шығармашылық табыс, еліміздің өркендеуіне үлес қосар, атағын асқақтатар жастары сіздер болсын деген ізгі ниетпен Қонаев «Балдәурен»  ұжымы сіздерге ыстық ықыласпен тілек білдіреді.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner