"БЕЙБІТ ЕЛДІҢ БАТЫРЛАРЫ" САХНАЛЫҚ КӨРІНІС БАЙҚАУЫ

Елімізде өскелең ұрпақтардың Отанға деген патриоттық  сезімдерін ояту. Жас ұрпақты  сүйіспеншілікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер аға – апалардың ерлігін үлгі ету мақсатында 4-ауысым қатысушыларымен бірлесе өткізілген "Бейбіт елдің батырлары" тақырыбында сахналық көрініс байқауы өткізілді. 

Қазақстандық патриотизмнің негізі – ежелгі ұлттық, салт – дәстүр, әдет – ғұрып, аңыз – ертегілер, жырлар, кеңестік ортақ дәуір, Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері – Қазақстандық батырлардың ерліктері туралы тарихи деректер болып табылады. Патриотизм  дегеніміз —  Отанға  деген сүйіспеншілік, әрбір  азаматтың мемлекет алдындағы борышын жанқиярықпен орындау; Отаншылдық патриотизм — бұл елдікті,  мемлекеттілікті  саналы  түрде  сезіну. Мәселен, кез келген адамның өзі туып өскен жеріне бауыр басуы, ана тілін толық меңгеріп, оған құрметпен қарауы, өз Отанының мүддесін ойлау, туған жеріне деген адалдық, өз елінің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени саладағы жетістіктерін мақтан ету, өз Отанының бостандығы мен Тәуелсіздігін қорғау, ата-бабаларың мен Отанының тарихына құрметпен қарау, сондай-ақ, өзіңнің табанақы, маңдай теріңді туған еліңнің гүлденуіне арнау – бұлардың да қазақстандық патриотизм деген ұғымның ішіне сияды.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner