"БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚТАРЫ" ПІКІРТАЛАС САЙЫСЫ

Мамандық таңдау – маңызды іс. Уақыт өте дәстүрлі мамандықтар сұраныстан айырылып, жаңа маман иелері пайда болады. Заманның ағынынан қалмай, жаңадан пайда болатын болашақ мамандықтарға дағдыланайық.

13-ауысым "Мамандықтар топтамасы" тақырыбында болғандықтан, 8-9 сыныптар арасында ашық пікірталас сайысы өткізілді. Тақырыпқа сай оқушылар "Болашақ мамандықтар" туралы екі топқа бөлініп пікір сайыстырды. Пікірталас сайысы АПФ форматында болды. Әрқайсысы үш ойыншыдан тұратын екі команда – Жақтау пен Даттау тобы қаралуға ұсынылған қарарды (тақырып, резолюция) талқылайды. Турнирге бір ғана тақырып таңдап алынады және ол жақтау болып есептелінеді. Жаңа ғана дебат ойынын үйреніп жүргендерге өте тиімді, себебі бір тақырып төңірегінде көбірек дайындалуға мүмкіндік бар. Аргументке факт келтіруді талап етеді және фактінің қайнар көзін (қайдан алғанын) көрсету керек.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner