"ЖАС САРБАЗҒА ТІЛЕК" ТУҒАН КҮН ИЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ

          Туған күн – ғажайып армандар мен жарқын үміттерге толы өмірдің жаңа бастамасы. Бұл күн күнтізбеде қызылмен белгіленбеген туған күн иелеріне ғана ортақ мейрам болса да, әлемде осы күнге жетер тамаша күн жоқ. Себебі дәл осы күн – біздің әлем сендермен толыққан күн. Ал бүгін міне 283  баламен бірге өз туған күніңді атап өткелі тұрсың. Бұның өзі бір бақыт. 4 - ауысым барысында өз туған күнін Балдәуренмен бірге тойлап отырған барша туған күн иелерін туған күндерімен құттықтаймыз. Таудай талап, мызғымас сабырлық, қайтпас жігер, таусылмас талант, тамаша табыс, керемет кішіпейілділік, жайдары көңіл, ұзақ өмір тілейміз! Жадырап-жайнап, күліп, ойнап, бақытты сәтті күнде тойлап жүргейсіңдер! 

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner