"ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ" ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШОУ БАЙҚАУЫ

              7-ауысым бағдарламасына сәйкес, ауысым қатысушылары арасынан таланттар мен дарындарды анықтау мақсатында "Жұлдызды сәт" атты шығармашылық байқауы өткізілді. Байқау мақсатына сай орталық қызметкері мен ауысым демалушысы бірлесіп өнер көрсетеді. Алғашқы іріктеу кезеңінен өткен қатысушылар ақтық мәреде өнерлерін паш етті. Ән мен би бойынша тартысты да, қызықты өткізілген шығармашылық байқауда 10 жұп өнер көрсетті. Әдістемелік бөлім әдіскері Ямирбаева Айнұр Ержановна мен 3-топ демалушысы Мақсат Қажымұрат қазақша әндерден "Попури" орындады. 10-топ демалушысы Алибек Дайана мен ұйымдастырушы-ұстаз Бейсенғалиева Қаракөздің орындауында заманауи би және ұйымдастырушы-ұстаз Боранбай Әлішер мен 10-топ демалушысы Нұрланова Айымның орандауында "Үнді" халқының биі көрермендердің ыстық ықыласына ие болып гран-при иеленді.

 

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner