"МАСКА" МУЗЫКАЛЫҚ-ШОУ БАЙҚАУЫ

Дүние жүзінің 50-ден астам елінде танымал болған «Маска» музыкалық шоуын  "Балдәурен" орталығы 15-ауысым қатысушыларымен бірге өткізді. Айта кетейік, жобада 8 қатысушы бақтарын сынайды. Әрқайсысы әртүрлі кейіпкерлер мен жануарлардың маскаларында өнер көрсетеді. Күмән мен күдікке бой алдырып, таңырқау мен таң қалудан жалықпайтын әділқазы алқалары масканың астында кімнің жасырынып тұрғанын табу керек. Бір қызығы, қатысушылардың қатарында тек оқушылар ғана емес ұйымдастырушы-ұстаздар да бар. Бірақ оларды тану өте қиын, өйткені қатысушылардың жүздері эксклюзивті маскалармен жасырылған. Конкурс қатысушыларының кім екені сайыстан шығып қалған кездерінде белгілі болады. Әр қойылымнан соң қазылар алқасының мүшелері жобадан шығатын қатысушыны таңдаулары керек. Жобадан кетер кезде олар маскаларын шешіп, өздерінің кім екенін көрсетеді. Қазылар алқасы мен көрермендердің болжамдары түбінде дұрыс болмауы мүмкін. Ал, өзін ешкім тани алмаған қатысушы жеңіске жетіп, "Маскаә шоуының жүлдесін иеленеді.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner